Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет671/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
740 
минералдык тұздар мен элементтер ретінде кіргізеді. Жануарлар жегендерін 
микроорганизмдер болмаса қорыта алмас еді, ал олар өлгенде, олардың денесін 
шірітіп, қайта табиғатқа қосатын да сол микроорганизмдер. 
Сонымен, қарап отырсақ, осы үш тіршілік әлемі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды 
екен. Бұл үлкен жүйені ғылыми тілде биосфера (тіршілік аймағы) дейді. 
Биогеоценоз дейтін екінші ұғым - белгілі бір географиялық аймақта миллиондаған 
жылдар бойы үйлесімді қалыптасып қалған тіршілік әлемін көрсетеді. Мысалы, 
Қазақстан көлдері мен өзендерінде қолтырауын деген жануар өмір сүрмейді. Ол 
экватор бойындағы өзендер имен көлдерде ғана өмір сүреді. Сонымен қатар 
тропиктегі көп өсімдіктер мен микроорганизмдер, жануарлар да біздің жерімізде 
өмір сүре алмас еді. Өйткені бұл жердегі қоршаған ортаға олар бейімделмеген. 
Енді табиғат пен қогамның өзара байланысын талдайтын уақыт та келді. Көне 
тарихта табиғат қоғамның қалыптасуы мен дамуына екі түрлі әсер тигізді. 
Біріншіден, табиғаты өте бай, ауа райы жұмсақ жерде, сонымен қатар табиғаты өте 
қатал, ауа райы суық жерлерде қоғамның дамуы тоқырап, бір орында тоқта п 
қалғандай болды. Оның негізгі себептері мынада. Экватордың тұсындағы көп
аралдарда адам өзіне керекті нәрселердің бәрін де даяр түрде гүлденген табиғаттан 
тауып алады. Табиғат адамды жас бала сияқты әлпештейді. Ол теледидардан 
көрсететін «Баунти» жарнамасындағы көрініс сияқты. Адам ұйқылы-ояу, оған 
еш нәрсені ойлап шығару тіпті де қажет емес. 
Ал енді солтүстіктегі артта қалған халықтарға келер болсақ, ондағы табиғаттың 
қаталдығы соншалықты, бүкіл адамдардың бірлесе жасаған іс-әрекеттері мен күш-
қуаттары тек өмірде тірі қалуға ғана жетеді, сондықтан айнала қоршаған қатал 
табиғатты өз еркіне көндіруге мүмкіндіктері болмай қалады. 
Тіпті алыска кетпей-ақ, біздін арғы бабаларымыздың өмір салтына көз жіберсек, 
мыңдаған жылдарға өзгермей созылған көшпенділік дәстүрінің өзі Сары Арқаның 
қатал табиғатынан шықпай ма? 
Сондықтан қоғамның дамуына жақсы жағдай табиғаты жұмсақ, суы мол, бірақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет