Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»



бет68/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   104
Перфораторлар. Перфораторлар ұрмалы-айнымалы тəсілдің құралы болып табылады жəне де қатты тау жыныстары мен орташа қатты тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады (6.5 сурет). Перфораторлардың қарапайым түрі 30 Гц жиілікке дейін жұмыс жасайды, жоғары жылдамдықты ұрмалылар 35 Гц жиілікте жəне одан да жоғары жиілікте əрекет етеді. Жеңіл жəне орташа қол перфораторлары көлденең бұрғылауда немесе жоғарыдан төмен қарай бұрғылау кезінде қолданылады. Салмағы 18 кг-ға дейінгі жеңіл перфораторлар беріктік коэффициенті 10-ға дейінгі тау жыныстарын
бұрғылауда, ал салмағы 25 кг-ға дейінгі орташа перфораторлар беріктік коэффициенті 15-тен жоғары емес тау жыныстарын бұрғылауда, салмағы 35 кг-ға дейінгі ауыр қол перфораторлары беріктік коэффициенті 20-ға дейінгі тау жыныстарын бұрғылауда пайдаланылады.

жылдамдықты

Колонкал

жуу және
Колонкалық перфораторлар орташа қатты жəне қатты тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады. Олар керме-бағаншада, бұрғылау күймешесіне (6.6 сурет) жəне тиегіш жəне арнайы машиналардың қолқұрылғыларына орнатылады. Телескоптық перфораторларды төменнен жоғары тігінен кез келген қаттылықтағы 45°-қа дейінгі ауытқушылықтағы тау жыныстарын бұрғылауда қолданады.




    1. Телескоптық

      Қарапайым түрі

      Жоғары

      жеңіл

      Қол

      Орташа

      Ауыр

      Білікшені

      Бүйір жағын жуу

      Шаңды сору
      сурет. Перфораторлар

Қондырғылар бұрғылау аспабының еріксіз өсьтік берілу құрылғысының бар болуымен өзара ерекшеленеді. Перфоратордың қондырғысы жəне жұмыс жасау қағидасы түрі мен көлемінен тəуелсіз (6.7. сурет) қолданылған энерготасымалдау (сығылған ауа немесе май) қасиетімен жəне үлестіргіш қондырғылардың ерекшеліктерімен анықталады.
Перфоратор келесі тəсілмен жұмыс жасайды. Поршень қабырғасы саңылауын жаппағанда поршеннің төмен қарай қозғалысы кезінде ауа одан 2 канал арқылы шығады. Инерциямен төмен қарай қозғалысын жалғастыра отырып поршень 8 канал арқылы ауаны 7 камераға ығыстырады, оның əсерінен 5 жапқыш 4 каналды жабады. Бұрғының артқы ілмегіне серіппелі соққының нəтижесінде поршень жоғары серпіледі. Жоғары қозғалғанда оның қабырғасы қайта 2 каналды жабады, поршеннің үстіндегі ауа сығылып, 8 каналды 5 жапқыш арқылы жауып, 4 каналды ашады. Бұдан əрі қарай цикл қайталана береді.
215

Арнайы тіреуішті дөңгелек əсерінен бұрғы соққыдан кейін шағын бұрышқа бұрылады, сол себепті ұрмалы-айналмалы перфоратор деп аталады. Бұл аспаптың біркелік тозуын жəне бұрғыланған саңылаудың концертігін қамтамасыз етеді. Ол аспаптың теспеде сыналануын болдырмайды.
Перфоратордың бұрғысы аспаптың қиратқыш бөлігі болып табылатын жəне біліктің түрімен өзара əрекеттесетін жəне оның төменгі бөлігіне кигізілетін немесе ерітіліп жалғанатын қаптамадан, перфораторға бекітіліп, оның

    1. сурет. Ӛздігінен жҥретін бҧрғы лау күймешесіндегі колонкалсыоққпқеырфсыорнатор қабылдайтын артқы ілмектен

тұрады. Қаптаманың жұмыс жасайтын

    1. сурет. Пневматикалық перфоратор құрылғысы жəне жұмысы: 1 - перфоратор цилиндрінің корпусы; 2 – цилиндрді атмосферамен байланыстыратын канал; 3 - поршень; 4 – цилиндрге ауа жіберу каналы; 5 – қоспозициялы клапанды жапқыш; 6 – компрессордан сығылған ауаны жіберу каналы; 7 – ауаны үлестіргіш камера; 8

– жапқышты асыратын ауаны жіберу каналы; 9 - бұрғы
бүйіржағына тау жынысын бұзатын қатты қорытпалы қашау ерітіп жабыстырылады (6.8. сурет). Жұлдызшалы жəне айқыш қаптамалар барынша қатты тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады, қос тескіштілер жарықшақталған тау жыныстарын бұрғылауда жəне жалғыз тескіштілер басқа жағдайларда пайдаланылады. Бұрғылар білігі жоғары сапалы көміртекті б2о1л6ат ан жасалады жəне бар бойында өсьтік
саңылауға ие.

    1. сурет. Қаптаманыңжұмысжасайтын перфораторының бұрғылау бетінде қатты қорытпалы қашаудың орналасуы (төменгі жағынан

көрінісі):




а – жалғыз тескішті; б қос тескішті; в - айқыш; г - жұлдызшалы; 1 - қашау; 2 – қаптама

Саңылау бұрғылау аумағына жуатын сұйықтықты немесе сығылған ауаны жеткізуге қызмет етеді. Олар теспеден немесе ұңғымадан қирату заттарын шығарады жəне оған қоса аспапты салқындатады.
Көлбеу теспені перфоратормен бұрғылау кезінде қосымша өсьтік жеткізу қажеттілігі туындаған жағдайда пневмоұстатқыш қолданылады. Бұл механизмдерге телескопиялық құбырлы құрылым ортақ болып табылады. Аталған құрылым кенжарда қажетті бұрышпен орнатылады жəне қозғалғанда сығылған ауа арқылы перфоратордың өсьтік берілуін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет