253 Білігі бойынша көршілес қалақшалар бір-біріне 90° бұрылған, ал қалақшалар біліктің өсіне 45
°-қа бұрылған. Қалақшалар сыртқы қаптаманы қаптастыру секілді никель немесе марганецпен қоспаланған болаттан немесе ақ шойыннан дайындайды. Қалақшалардың мойынтіректерінің астына білікке төсеніш бөлшектері орналастырылады. Оларды алмастыра отыра тозуына қарай түбі мен қалақшалардың арасындағы саңылауды реттеуге болады.
Бір біліктің қалақшаларының жұмыс беті үзілмелі бұрандалы жолақты түзеді. Сондықтан араластырылатын материал қалақшалардың айналу бетінде ғана орын ауыстырмайды, сонымен қатар қоспалауыш өсі маңында да қозғалады. Қалақшалардың бағдарын ауыстыра отыра қоспаның қозғалысының ағымдық сұлбалы сызбасын (сыртқы қаптаманың периметрі бойынша қозғалыс) немесе қарсы ағымды сызбасын (сыртқы қаптамының бүйіржақтан ортаға қозғалысы) жасауға болады. Бұдан өзге қоспа қалақша арқылы түбінде қозғалады, «қайнаған қабатты» түзіп, жоғары лақтырылады, бір қоспалауыштың бір бөлігінен екіншісіне жəне кері лақтырылады. Бұл орын ауыстыру үдерісін қарқынды ете түседі, қоспаның сапасын жақсартады жəне қоспалауыштың өнімділігін арттырады. Қоспалауыштың жетегі электрқозғалтқыштан немесе гидромотордан бəсеңдеткіш жəне біліктер арасындағы тісті берілім арқылы жүзеге асырылады. Ол біліктердің синхронды жəне қарама-қарсы айналу бағытын қамтамасыз етеді.
Үздіксіз əрекет ететін қоспалауыш дəнекерленген жақтаудан, жетектен жəне түсіргіш бункерден тұрады. Жақтауда екі көлденең қалақшалы білікті қоспалауыштың сыртқы қаптамасы орналасқан. Сыртқы қаптаманың геометриясы мерзімді əрекет ететін қоспалауыштың геометриясына ұқсас. Бірақ сырқы қаптаманың өзі одан өткенде қоспаның жақсы араластырылуына уақыттың жетпей қалуын болдырмау үшін айтарлықтай ұзынырақ.
Қалақшаның күрекшесі қоспа көлденең бетте бір біліктен екіншісіне өте отыра, қарқынды қозғалуына жəне өсьтік бағытта ақырын қозғалуына мүмкіндік к беретіндей етіп орналасқан. Араласу уақытын ұзағырақ ету үшін күрекшелердің жартысын 180°-қа бұрады, нəтижесінде олар қоспаны жүктеме люкке итереді жəне барлық ағынның жылдамдығын қысқартады. Түсіргіш бункер қоспалауыштың түсіргіш бүйір бетінде орналасқан жəне оның жалғасы болып табылады. Көліктік құралдардың болмауы жағдайында бункердің бекітпесі жабық болады жəне қоспа сонда жиналады. Бекітпе ашық болған кезде қоспа бункерде кідірмей, көлік құралдарына тиеледі.
Дайын қоспаның бункерлері көлік құралдары болмаған жағдайда, құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстарына орай тоқтатылуы кезіндеасфальтаралстырғыш құрылғының бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Осылайша көлік құралдарының жүктелу уақытын 15...20 есе қысқартады. Қоспа скиптік көтергіш құрал арқылы бункерге беріледі.көтергіштің шөміші бағыттаушы швеллер бойымен домалайтын дөңгелекшелерды тірек етеді жəне ақырғы ажыратқыш арқылы тоқтатылады.
Асфальтараластырғыш құрылғыларда дайындалған қоспалар түрлерінің санына байланысты дайын қоспаның 1-, 2- немесе 3-секциялы бункерлерін пайдаланады. Әр секция өзінің жеке жүктегіш люгіне ие. Ол люкке қоспа скиптік көтергіш құралдан лақтырғыш тартпа арқылы бекітпелі тиегіш люкке бағытталады. Бункердегі қоспаның жылусақтағыштығы араларында ауалық бекітпесі бар оның екі қабатты қабырғасы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, бункердің қабырғасына құбырлы электрқыздырғыштар бекітіледі, олар қоспаның сақталу уақытын 1,5-2,5 сағатқа дейін арттырады.