Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»



бет85/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104
Байланысты:
көтеріп тасымалдау маш

Минералды ұнтақ даярлау минералды ұнтақ агрегатынан тұрады. Бұл агрегатқа ұнтақты қабылдау жəне сақтауға арналған бір немесе бірнеше резервуар, бұрандалы конвейерлер жəне тасымалдауға арналған бірнеше шөмішті элеватор, бөлуге арналған сепкіш тартпа жəне ұнтақты айдаған кезде сығылған ауа беруге арналған сығымдағыш енген.
Резервуар ретінде тұрақты агрегаттарда төменгі жағы конустық тарылған сүрлем мұнаралар қолданылады. Оның сағасына бекітпе жəне сағасындағы ұнтақты тік бірнеше шөмішті элеваторға, төгілген ұнтақты тартпаға беретін бұрандалы конвейер орналастырылған. Тартпадан ұнтақ қажеттілігіне қарай сағаға қайтарылады немесе аралстырғыш агрегаттың мөлшерлегішіне бұрандалы
конвейер арқылы жеткізіледі. 249
Сүрлемді жүктеу оның жоғарғы жағына темір жол немесе автоцистернадан жүктеме құбыр желісі арқылы ұнтақты айдаумен жүзеге асырылады. Ұнтақпен сүрлемге келетін ауа матадан жасалған жеңдік сүзгі арқылы тазаланады. Ол сүрлемнің қақпағына орнатылған жəне атмосфераға шығарылады. Минералды ұнтақтың үздіксіз айналысы, сонымен қатар ұнтақты сүрлем сағасына жеткізу құрылғының барлық жұмысын бұзатын тығыздалуды жəне дөңестенуді болдырмайды.
Жылжымалы асфальтараластырғыш құрылғылардың құрамында минералды ұнтақ агрегаты ретінде жартылай тіркемелі цистерналар қолданылады. Сонымен қатар цементті тасымалдау мен сақтауға арналғандарды да қолданады. Цистерна 7 ° бұрышпен орнатылады. Ол компрессорлық-вакуумды сорғышпен біріктіріледі. Цистернаның түбіне ауалық құрылғы қойылған. Ол ұнтақты сығылған ауамен байытады. Содан кейін ол цистернаның артқы бүйірінде орналасқан жүк түсіретін құрылғы арқылы ағады. Цистернаның артқы бүйір жағының ортасына жүктемелі жалғама құбыр балқытып біріктірілген. Сол арқылы ұнтақ сырттан резервуардың астына төселген үйлестіргіш құбырға түседі.
Цистернаға ұнтақты жүктегенде ыдырау пайда болады, ал түсіргенде артық қысым пайда болады. Цистернаның ауасы сорғышқа дейін екі сатылы тазалаудан өтеді. Ал цистернаға берілетін ауа ылғал- май айдағыш арқылы сорғышпен қысып толтырылады.
Битум, қиыршық тас, құм жəне минералды ұнтақ алдын ала өңдеуден өтіп, араластыруға дайын болады да аралстырғыш агрегатқа беріледі.
Араластырғыш агрегат таразылы жəне көлемді мөлшерлегіштен, аралстырғыштан тұрады. Көлемді мөлшерлегіштер таразылықтан қарапайым жəне сенімдірек. Олар тас материалдары жəне ұнтақ үшін масса бойынша 5 %-дан кем емес, ал битумға массасы бойынша1,5% мөлшерлеу дəлдігін көрсетеді. Таразылық мөлшерлегіш механизмдері (7.11 сурет) əлдеқайда күрделірек жəне тас материалдары жəне ұнтақ үшін масса бойынша 3 %-ға дейінгі, ал битумға массасы бойынша1,5% мөлшерлеу дəлдігін көрсетеді. Үздіксіз əрекет ету аралстырғыштары үздіксіз əрекет ету мөлшерлегіштерімен біріктіріледі, ал мерзімді əрекет ету араластырғыштары үлестік мөлшерлегіштермен біріктіріледі.





    1. сурет. Таразылық мөлшерлегіш механизмінің сызбасы:

1 - талреп; 2, 7 өткізгіш тетіктер; 3 - жүк; 4 - демпфер; 5 – циферблатты нұсқаушы; 6 - тартқыш; 8,11 – жүк көтергіш тетіктер; 9 - аспа; 10 - арқалық; 12 - ілгек;
13 - таразылы бункер

Үздіксіз əрекет ететін битумның автоматты мөлшерлегіштері көлемді мөлшерлеу қағидасы бойынша жұмыс жасайды жəне құбылмалы өнімділікті тістегерішті сорғыны мөлшерлегіш сүзгіден, поршенді есептегіштен, битумдық краннан, құбыр желілерінен жəне үлестіргіш құбырдан тұрады. Мөлшерлегіштің барлық ұшы жылу алмастырғыш сыртқы қаттамамен жабдықталған. Ол жылутасығышты айналдырады, битумның жұмыс температурасын сақтайды. Мөлшерлегіш битумды тазартады, сəйкесінше қоспа рецепті жəне араластырғыштың өнімділігі бойынша оның көлемін өлшейді,үлестіргіш құбыр бойынша аралстырғыштың өн бойын тозаңдандырады.


Битумның таразылық үлестік мөлшерлегіштері циферблатты нұсқаушысы бар тетікті-таразылы механизммен жалғанған өлшегіш ыдыстан тұрады. Циферблатты нұсқаушы битумның массасын бақылайды, берілген мəнге жеткенде оны автоматты түрде тоқтатып, араластырғышқа құятын битумның ағызғыз кранын ашады. Өлшегіш ыдыс босаған соң ағызғыш кран жабылады жəне мөлшерлеу циклі қайтадан қайталанады. Қалтқылы типтегі битумның көлемді үлестік мөлшерлегіштеріндегі өлшегіш ыдыста битумның саны қалтқыма арқылы бақыланады. Онымен құятын жəне ағызатын магистральдарда крандарды қосып жəне өшіретін орындаушы механизм жалғанған.
Барынша қарапайым механизмде (7.12 сурет) арқан блоктар жүйесі арқылы қалтқыны теңгеруші жүкпен қосады. Теңгеруші жүк бағыттаушы250құбырмен қозғалады жəне кранды басқару шиыршығына ораналсқан соңғы ажыратқышты қосады əрі сөндіреді. Битум көлемді үлестік мөлшерлегіш-шығын өлшегіштерде қыздырғыштан сүзгі арқылы шығын өлшегішке, одан кейін араластырғышқа тартылады. Мөлшерлеудің берілген көлеміне жеткеннен кейін басқару блогы мөлшерлегішпен битумды араластырғышқа жеткізгішті жауып, оның ағынын битумқыздырғышқа кері қайтарады.
Үздіксіз əрекет ететін асфальтараластырғыш құрылғыларда ыстық құм мен қиыршық тасты мөлшерлеу үшін əдетте көлемді мөлшерлегіштер қолданылады. Ал минералды ұнтақ үшін көлемді де, таразылық та қолданылады. Көлемді мөлшерлегіштердің ішінде бункер болып табылатын күйме қоректендіргіштер кеңінен таралған. Олар сұрыптауыш құрылғының бункер-жинақтаушысынан толтырылады. Мөлшерлегіш бункердің бір бүйір қабырғасының орнына жүк түсіретін есік бар. Ол бекітпемен жабылып, аралстырғыштың жүк түсіргіш есігімен байланыстырылған. Бункердің түбін тірегіш роликтері бар жылжымалы бөлік алмастырады. Жылжымалы бөлік бункерден тəуелсіз түрде эксцентрлік біліктің ерітпесінің арқасында алға бағытталған қозғалыс жасайды.
Жылжымалы бөлік қозғалыс барысында өзінде жатқан материалды жүк түсіргіш люкке тастауға тырысады. Мөлшерлегіштің өнімділігі екі есе жүріс жасағанда жылжымалы бөлік арқылы бункерден түсірілген жəне қақпаның секторлық ашылу дəрежесімен реттелетін материалдың көлеміне
байланысты.


    1. сурет. Битумның көлемдік мөлшерлегішінің сызбасы:

1, 2 – ағызғыш жəне толтырғыш крандар; 3 - шағылыстырғыш; 4 - қалтқы; 5 – жылу айырбастағыш сыртқы қабық; 6 – өлшегіш кіші бак; 7, 8 – толтыру жəне ағызу жалғама құбыр; 9 - кендір; 10 - тіреуіш; 11 – соңғы ажыратқыштың бұрама бекіткіші; 12 – теңгеруші жүк; 13 - шкала; 14 – теңгеруші жүкке бекітілген жылжымалы нұсқар; 15 – соңғы ажыратқыш
Минералды ұнтақты үздіксіз мөлшерлейтін таразылы мөлшерлегіш – бір тіреуіші таразымен байланысқан қысқа жолақты конвейер.
Таразылардан белгі конвейер жолағындағы ұнтақтың массасын бақылаушы жəне реттеуші басқару блогына жетеді. Мөлшерлегіштің өнімділігі жолаққа берілетін ұнтақ мөлшерімен жəне жолақтың жылдамдығымен анықталады.
Таразылы үлестік мөлшерлегіштер мерзімді əрекет ететін асфальтаралстырғыш құрылғылардағы құмды, қиыршық тасты жəне минералды ұнтақты мөлшерлеуге пайдаланылады. Таразылы үлестік мөлшерлегіштің құрылымының мүмкін нұсқаларының бірі құм мен қиыршық тасқа арналған таразылық бункердер жəне одан кішірек минералды ұнтаққа арналған таразылық бункерден тұрады. Әр бункер циферблатты нұсқағышы бар иінтіректі таразылық механизм арқылы жалғанған. Бұл механизм бункердегі материал фракцияларының массасын бақылайды.
Тас материалдарының таразылық бункері сұрыптаушы агрегат бункерінің бөлігімен
толтырылады. Ол бұл бөлікпен материалдың шаңдануын25ж1əне шашылудан қорғайтын жұмсақ түтікпен байланыстырылған. Бункер-жинақтаушы бөлігінің қаптамасы алдыңғы бөліктің қаптамасы
жабылғаннан кейін ашылады. Сонымен қатар ол таразылық бункердегі материалдар фракциясындағы салмақ тапсырылған көлемге жеткенде жабылады. Минералды ұнтақ параллельді мөлшерленеді. Таразылық бункер барлық құмның фракциясымен, қиыршық таспен жəне минералды ұнтақпен толтырылған соң таразылық бункердің бөлігі ашылады жəне қоспаның құрамдас бөліктері араластырғышқа жүктеледі.
Асфальтбетонды қоспаны даярлауға арналған қоспалағыштар екібілікті, қалақты, мерзімді жəне үздіксіз əрекетке жатқызылады. Кез келген құрылымдық орындау барысында асфальтбетонды қоспалағыштар бірыңғай сызба бойынша жобаланады.
Мерзімді əрекет ететін екібілікті қалақты қоспалағыш (7.13 сурет) қалақты білікпен орналастырылған сырқы қабаттан жəне оны қапсыра орналасқан көлденең тікбұрышты жақтаудан тұрады. Жақтауда сыртқы қабаттың бүйір жағынан салалық мойынтіректі қалақты біліктердің тірегіштері орналастырылған.
Сыртқы қабаттың қабырғалары біліктер өсінің деңгейінен басталады жəне айналмалы біліктің қалақтарының шеттерінің үстінен жоғарғы ернеуі көтеріледі. Біліктер өсьтері деңгейінен төмен басталатын қоспалағыштың түбі жасаушымен түйіндес екі симметриялық жартылай цилиндрлермен пайда болған. Сыртқы қабаттың ішкі беті тозуға төзімді болат тақталарымен немесе ақ шойынмен
қаптастырылған. Сыртқы қабат сыртынан қоспаның температурасын ұстап тұратын жылу тасығышқа берілетін жылу алмастырғыш қаттамамен қоршалған. Дайын болған қоспа пневмоцилиндрмен басқарылатын секторлы ысырмамен су түбіндегі люк арқылы түсіріледі. Қалақшалы білік (7.14 сурет)шаршы қималы діңгек болып табылады. Оған соңғы бөлігінде қалақшасы бар кронштейннен тұратын қалақшалар бекітіледі. Қалақшалар білікке үлкен жылдамдықта бір-бірін тепе-теңдікте ұстау үшін қос-қостан бекітіледі.



    1. сурет. Мерзімді əрекет ететін қалақшалы қоспалауыш:

1 - жақтау; 2, 5 – мойынтіректердің сырқы қабаты; 3,10 – сəйкесінше қаптал жəне бүйіржақ қабырғалар;

4 - қақпақ; 6 – бекітпені басқарғыш бу-ауа цилиндрі; 7 – ақырғы ажыратқыш; 8 – сыртқы қабат; қалақшалы білік; 11 - қаптама; 13 – жылу алмастырғыш сыртқы қаптама;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет