1 - бəсеңдеткіш; 2 – тҥтінді қорапты жҥктеме; 3 – тісті бӛрене; 4, 8 - тірек бандаждары; 5 – температуралық ӛтемдеуіш; 6 – кептіргіш барабан; 7 – газ шығаратын жҥйе; 9 – ыстық ауаның камерасы; 10 –жҥк тҥсіретін қорап; 11 - салма; 12 - жандырғыш конус; 13 -жылытқыш; 74-бҥріккіш; 75- басқару пульті; 16 –қызметкерге арналған алаңша; 17 – ауа шығарғыш; 18 - ауа айдағыш; 19- ауа айдағыштың электрқозғалтқышы; 20 - жақтау; 21– тірек-қимыл шығыршықтар; 22– жетекші тегершік; 23 - барабана электрқозғалтқышы
Барабанның ішкі бетіне қалақшаның материалды араластыратын жəне жүк түсіретін қорапқа қарай оның қозғалуын қамтамасыз ететін үш типі бекітіледі. Жүктеме шеттерінде қабылдап лақтырғыш қалақша орнатылған. Олар жүктемелі люктен тас материалын лақтырады. Ал барабанның ортаңғы бөлігінде көтергіш қалақшалар орнатылған. Әр бөліктің қыздырылған көзбен ұзақ уақыт қарым- қатынасын орнату үшін материалды араластырады. Барабанның соңғы бөлігінде жүк түсіргіш қалақшалар орнатылған. Олар түсіргіш қорап арқылы материалды көшіреді.
Кептіргіш агрегаттың ошақтық құрылғысы кептіргіш барабан ішінен жоғары температураға ие болуға арналған. Аталған температура тас материалдарын кептіруге жəне қыздыруға қажет. Отын ретінде алдын ала 95°C-қа дейін қыздыруды қажет ететін мазут немесе табиғи газ қолданылады. Сұйық отын үрлегіш сорғышпен айдалған атмосфералық ауамен бірге бүріккішке беріледі. Ол жерде күйдіргіш конусқа түсетін жеңіл отынды қоспаны түзеді. Ошақты тұтатқан кезде қоспа өртеледі, одан кейін жану үдерісі қалыпқа келтіріледі. Жану үдерісі фотодиодтармен бақыланады. Ал жалын тоқтаған кезде отынды беру автоматты түрдетоқтайды.
Күйдіргіш конуста оттықта жанып бітетін жанған газдардың шырағданы пайда болады. Сонымен қатар барабанға қыздырылған жанған заттар түседі. Бұл ағынның жылуының көп бөлігі тас материалдарға түскен сайын, оларды кептіру жəне қыздыру үдерісі тиімді əрі үнемді болады. Жылужоғалту мен металл қаттама бөліктерін күйіп кетуден сақтау үшін күйдіргіш конустың жəне оттықтың ішкі бөлігі асбестпен, үстінен отқа төзімді кірпішпен қапталады.
Тас материалдарын дайындау кезінде пайда болған шаңмен арпалысу – асфальтараластыру құрылғылардың жұмысында кездесетін экологиялық мəселелердің бірі. Қыздырылған тас материалдарының кептіргіш барабанда орын ауыстыруы шаңның туындауына ықпал етеді. Бұл орайда шаң барабаннан түтінді газдар легімен шығарылады. Қиыршық тас пен құмды сұрыптау да шаңданумен жүзеге асырылады.
Шаңның атмосфераға түсуін болдырмау үшін сұрыптаушы жəне мөлшерлегіш құрылғылар қаптамамен жабылады, бұл жерде 0,1...0,15 бар болатын ыдырату орын алады. Кептіргіш барабаннан түтінді газ жəне шаң жүктегіш қорап арқылы сорылып алынады. Газды-шаңды қоспа ағыны шаңды ұстап қалатын құрғақ тазалайтын циклон құрылғысына (7.7 сурет) жəне сулы тазалағыш – циклон- жуғыштарға (7.8 сурет), барботажды-сұйық құрылғыларға (7.9 сурет) бағытталады.
Циклон төменгі жағы конустық тарылған тік, қуыс цилиндр болып табылады. Цилиндрдің өсінен диаметрі кіші, бүйыржағы ашық құбыр өтеді. Аталған құбыр циклонның төменгі шетіне дейін жетпейді жəне оның жоғарғы қақпағынан өтеді.
Шаңды газ қоспасы 20 м/с жылдамдықпен циклонның жоғарғы шетіне кіреді жəне шиыршық бойымен төмен қарай қозғалады. Шаң бөліктері циклонның қабырғасына ортадан тепкіш күшпен жабысады. Сол жерде кідіреді де газ ағынан бөлініп, шаң жинағышқа түседі. Газ орталық құбырдың төменгі шетіне дейін жетеді де соның бойымен атмосфераға сорылады. Циклон көлемі 10 мкм жəне оданда үлкен болатын шаң бөліктерін 98%-ға дейін тұндырады. Циклонның тиімділігі оның диаметрін кішірейте отырып жоғарылайды. Бірақ бұл ішкі қарама-қарсылықтың пайда болуының əсерінен өнімділігінің төмендеуіне əкеледі. Бірнеше қалыпты циклондарды жоғары жəне реттелетін (циклон бөліктерін өшіру жəне қосу арқылы) өнімділікте жоғары дəрежелі тазалауды қамтамасыз ететін батареяларға біріктіре отырып мəселені шешеді.
246
сурет. Құрғақ тазалау циклонының сызбасы:
1 - сырты; 2 – орталық құбыр; 3– газды шығарушы; 4 – кіре беріс жалғама құбыр; 5 - қабылдағыш бункер; 6 – шаңды алатын құрылғы
247
сурет. Жуғыш циклон сызбасы:
1 – тұндырғыш корпусы; 2 - бөрене; 3, 4, 5 – су құбырлары; 6 – түтін құбырлары; 7 - тірек; 8 – су айдағыш бак; 9 – суды бөлгіштің сырты; 10,13– сəйкесінше кіретін жəне ағызатын жалғама құбырлар; 11 – су бүріккіш; 12 - гидравликалықбекітпе
Шығарылған газды құрғақ тазалау жеңдік сүзгілерде жүзеге асырылуы мүмкін (7.10 сурет). Шаң арнайы жең матасымен ұсталынып қалады, оған тазаланған газ түсіріледі. Ауа мата арқылы сыртқа шығарылады да шаң жеңдікте қалып қояды. Ол шаң үнемі арнайы механизм арқылы қағылып тасталынады жəне ішінде жиналғандары төмен түседі, сол жерден иірме конвейерлер арқылы шығарылады.
Көлемі 10 мкм-ден аз болатын шаң бөліктерін тұндыру тазалаудың сулы түрімен жүзеге асырылады. Жуғыш циклондарда шаң алдымен газды-шаңды қоспа ағынына су шашылғанда дымданады, содан кейін дымданған циклон корпусы қабырғасына орталық күш арқылы тұндырылады. Ол жерден жинаққа шайылады.
Барботажды-сұйық құрылғыларда газды-шаңды ағын кіріс камерасынан судың астында орналасқан арналар арқылы шығу камерасына қарай өтеді. Бұл жерде шаң суланып, сулы ваннаның түбіне тұнады да қырғыш конвейер арқылы алынып тасталады. Бұл орайда газлдың бір бөлігі суда еріп кетеді де күкірт қышқылын түзеді. Бұл қышқыл металл бөліктерінің тоттануын тездетеді. Мұны болдырмас үшін құрылғының ішкі бөліктері қышқылға төзімді эмальмен көмкеріледі. Ал ертіндінің өзін əкті суға араластыру арқылы қышқылдандырады. Барботажды-сұйық құрылғылар 1-10 мкм көлемдегі бөліктерді 90%-ға дейін жəне көлемі 10 мкм-ден жоғары бөліктердің 99,5%-ын тұндырады. Сулы тазалау əдісін қолдану барысында туындайтын мəселе экологиялық қауіпті саналатын қоқырды көму немесе жою болып табылады.
Ыстық материалдардың бірнеше шөмішті экскаваторы кептіргіш барабаннан сұрыптағыш агрегатқа қызған қиыршық тас пен құмды тасымалдайды.
1 – алдын ала тазалау сатысы; 2 – ақырғы тазалау сатысы; 3 – маталы жеңдіктердің батареясы; 4 – сүзгіні тазалау бұрандалы конвейері
Элеватор 70...900 бұрышымен орналасқан жəне тегіс жылу өткізбейтін қаптамамен жабылады. Қаптамадан ауа шаңды ұстап қалатын құрылғыға сорылып алынады. Оның металл шөміші төменгі кермелі жəне жоғарғы жетекші жұлдызшаны айналған төлкелі-дөңгелекті шынжырға бекітіледі. Тізбек түрпілі ортада жоғары температурада жұмыс жасайды. Сондықтан оның тозуға төзімділігіне қойылатын талап жоғары.
Сұрыптағыш құрылғылар кептірілген жəне қыздырылған тас материалдарын жекелеген фракцияларға бөледі. Әрбір фракцияның алдын ала мөлшерленген көлемі қоспаның рецептіне сəйкес келеді. Сондықтан сол немесе басқа фракцияның артық мөлшерін қайтарған жағдайда немесе сақтауда ақырғы сұрыптау қиындық тудырмайды.
Сұрыптағыш агрегат көпсекциялы құм електен жəне тас материалдардың фракцияларының санына қарай бөліктері бар жинақтаушы бункерден тұрады. Ереже бойынша, асфальтаралстырғыш құрылғыларда құрама сызба бойынша орналастырылған, тегіс дірілдеткіш жəне үш елегішті гирационды құм електер қолданылады. Мұндай елегі бар жинақтаушы бункер 4 секцияға бөлінген: құмға арналған, қиыршық тастың екі фракциясы жəне габаритті емес бөліктер секциясы.