Тас материалдарды даярлау қорек алу агрегатынан, кептіру агрегатынан, ыстық материалдарға арналған бірнеше шөмішті элеватордан жəне сұрыптау құрылғысынан тұрады.
Қорек алу агрегаты (7.5 сурет) бір-бірлеп əрбір қиыршық тас немесе құм фракциясы жəне жинақтаушы конвейер секілді бірнеше секциядан тұрады. Секциялар қоймадан суық сусымалы материалдармен толтырылады. Олар тиегіш машиналар арқылы немесе өздігінен қозғалып беріледі.
Секциялардың саны асфальтбетон қоспаларын дайындау технологиясында қарастырылған тас материалдарының фракцияларының санына байланысты. Әдетте ол 3-6 аралығында ауытқып тұрады.
Секция қабырғалары төмен қараған, иіліңкі, сыйымдылығы 4-10 м3болатын шығыс бункерінен, тоғыспа қиартқыштан жəне қоректендіргіштен тұрады. Тоғыспа қиратқыш берік орныққан жинақтарды бұзу үшін қолданады. Олар конустық жəне пирамидалық бункерлерден сусымалы материалдардың ағуына кедергі келтіреді. Тоғыспа қиратқыш бункердің бүйір қабырғасына бекітілетін жəне қажеттілігіне қарай немесе белгілі бір уақыттан кейін автоматты түрде немесе қолмен қосылатын дірілдеткіш болып табылады.
Тартпалы электрдірілдеткіш жəне жолақты қоректендіргіштер бункердің шыға беріс саңылауына орнатылады жəне бункерден ағатын материалды алдын ала мөлшерлеу үшін қызмет етеді. Тартпалы электрдірілдеткіш қоректендіргіш бункердің шыға беріс саңылауына көлбеу ілінген, электрмагниттік дірідеткішпен бекітілген металл тартпа болып табылады. Көлбеулігінің арқасында тартпа дірілдеткіштің əрбір қозғалысында ондағы материалды ашық жиекке лақтырады.
242
сурет. Қоректендіру агрегатының сызбасы:
1 -бункер; 2–тоғыспа қиратқыш; 3 -қоректендіргіш; 4-жинақтаушы конвейер
Дірілдеткішті өшіргенде тартпа бункерден материалдың өздігінен ағып кетуіне жол бермейді. Электрмагнитті қоректендіргіштің өнімділігі тартпаның ауытқу жиілігі мен иілу бұрышы арқылы реттеледі.
Жолақты қоректендіргіштер бункердің шығу саңылауына орналасқан қысқа жолақты конвейерлер болып табылады. Жуандығы жолақта шиберлік жапқышпен реттелетін мөлшерленген материал жаңа материалдарға орын босата отыра шығыс саңылаудан қоректендіргіштің жүк түсіргіш барабанына көшіріледі.
Жолақты қоректендіргіштің өнімділігі материал қабатының жуандығымен жəне жолақтың жылдамдығымен реттеледі. Жолақты қоректендіргіштер резеңке-маталы конвейерлердің тозуға төзімділігінің төмендігінен адымен құмды жəне қиыршық тастың ұсақ фракцияларын мөлшерлеуге қолданылады.
Жинақтаушы жолақты конвейер қоректену агрегаттарының барлық бункерлері арқылы өтеді жəне қоректендіргіштен көлбеу жолақты конвейерге тас материалдарын береді. Ол оларды тас материалдарының сыртын жəне дым тартқыш ылғалын толықтай жою, сонымен қатар қоспаны даярлау температурасына дейін қыздыру үшін кептіргіш агрегатқа көшіреді. Ол кептіргіш барабаннан, ошақтық құрылғыдан жəне газ шығаратын жүйеден тұрады (7.6 сурет).
Кептіргіш барабан тірегіш шығыршыққа бандаждармен тірелетін жəне қабатқа 3.. .5 ° бұрышпен орналасатын болат цилиндр болып табылады. Оны өсьтік араласудан бандаждардың тік қойылған бетіне жанасқан табанды шығыршықтар ұстап тұрады. Бұл шығыршықтар қызған қабырғаның бүлінуінің алдын алатын жапырақты рессорлардың цилиндрлі барабанының қабырғасына бекітіледі. Барабан үйкелме берілім арқылы қозғалады немесе тісті берілім арқылы қозғалады.
Барабанның жоғары бөлігі жүктеме қораппен жабық болады, сол арқылы барабанға тас материалдары жүктеледі жəне түтінді газдар мен шаң шығарылады. Барабанның төменгі шеті жүк түсіргіш қораппен жабылады. Қорапқа қыздырылған тас материалы түсіріледі.
Барабанның айналмалы қабырғалары мен жүктеме, жүк түсіргіш қораптар арасында газдарға барабаннан атмосфераға шығуға мүмкіндік к бермейтін лабиринтті тығыздағыштар орналастырылған. Материалды кептіру жəне қыздыру оның ыстық газдармен тікелей қарым-қатынасы кезінде жүзеге асырылады. Бұл орайда бүріккіштің алауының сəулеленуінің нəтижесінде жылудың барынша қызған қалақшаларынан жəне барабан қабырғаларынан берілуі жүзеге асырылады.