Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет54/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   297
57
 
сҧхбаттасқа әңгіме кезінде ӛкшеден аяқ ҧшына тербелу, қабағын 
кӛп нәрсені аңғартып кӛтерілуі, ҥнемі сарказммен қисайған ауыз, 
еріндерді жалау, басқа нәрсеге алаңдау және т.б. сияқты жағымсыз 
вербалды емес сигналдар тітіркендіретіндігіш әсер ететінін 
байқады. Кӛбінесе сҧхбаттастың қорғаныс позициясы ӛзара 
әрекетесуге теріс әсер етеді. Психологиялық қорғаныстың қатты 
дамуы әрқашан мінез-қҧлыққа кері әсерін тигізеді және мәселенің 
қаралуына, әрі қарым-қатынастың тҥпкілікті нәтижесіне қал 
жеткізуге кедергі келтіреді. Кейде сҧхбаттас артында ӛзінің 
сенімсіздігі, қорқынышы, бӛгелгіштігі және басыбайлылық 
жасырынып тҧрған маскасын кӛрсетіп. 
Қарым-қатынастың ақаулы ерекшеліктері, табиғаты бойынша 
иррационалды (лат. 
irrationalis 
- ақылсыз). Ӛкінішке орай, олар 
әрдайым сҧхбаттас тарапынан танылмайды және оның қалауына 
байланыссыз оның ӛзін-ӛзі бағалауына немесе қадіріне қауіп тӛнген 
сайын пайда болады. 
Ақаулы қарым-қатынас деструктивтік қарым-қатынасқа тым 
жақын. 
Қарым-қатынастың 
тҧрақты ақауларына тҧлғаның беймазалық 
(алаңдаушылық, қорқыныш) және қаттылық (лат. 
rigidus 
– қатып 
қалған, қатты) сияқты қасиеттер жатады – қиыншылық, тіпті 
объективті тҥрде қайта қҧруды талап ететін қандай да ӛзгерістерге 
толық қабілетсіздік. Қатты адамдар, әдетте, ӛз кӛзқарастарында, 
адамдармен қарым-қатынаста және әдеттерінде авторитарлы және 
ӛте консервативті болып табылады. 
Әдебиетте б е й м а з а л ы қ т ы ң екі тҥрі қарастырылады:
■ 
жүйкелік — болашаққа бағытталған, алаңдаушылықты есепсіз 
басынан ӛткеру;
■ 
психотикалық — мағынасыз, бірақ ӛте мықты алаңдаушылық.
Әдетте ӛзара әрекеттескен кезде осындай сҧхбаттасушылар 
алаңдаушылық, ӛзіне-ӛзі сенімсіздік, толықсыздық сезімін 
кӛрсетеді, бҧл сӛзсіз қарым-қатынас нәтижесіне әсер етеді. Мінез-
қҧлықтың аталған белгілері ашық және сенімді қарым-қатынасқа 
кедергі келтіреді, міндеттемелердің бҧзылуына, жанжалдарға 
әкеледі. А.Эйнштейн айтқандай: «Адамдар орман кесуді ҧнатады: 
қызметтің осындай тҥрінде нәтижелер бірден кӛрінеді». Жоғары 
эмоционалдылық, тітіркенгіштік және қарама-қайшылық кӛп 
жағдайда ӛзара әрекеттесуді қиындатады, ынтымақтастық жағына 
қарай қарым-қатынастар және тиімді коммункациялар қҧруға 
мҥмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет