Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет64/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

3.1. 
3- тарау 
ИМПУЛЬСТІК ЖӘНЕ АВТОГЕНЕРАТОРЛЫҚ 
ҚҰРЫЛҒЫЛАР 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР 
Электронды генератор — бұл күшейтуші элементтердің көмегімен 
тұрақты тоқ көз электр энергиясын, белгіленген үлгідегі, жиіліктегі және 
қуаттылықтағы сөнбейтін электр тербелістеріне түрлендіретін құрылғы 
болып табылады. Электронды генератордың құрылымдық сызбасы 3.1-
суретте ұсынылған. 
Электронды генераторлар радиоаппаратурада, өлшеу техникасында, 
автоматика, электронды-өлшеу машиналарында және т.б. кеңінен 
пайдаланылады. Генераторлар төмендегідей болып бөлінеді: төменгі 
жиіліктегі (ТЖ) — 100 кГц-ке дейін, жоғары жиіліктегі (ЖЖ) — 0,1 - ден 
100 МГц-ке дейін, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) — 100 МГц-тен жоғары. 
Синусоидалық тербелістерді туындататын генераторлар синусоидалық, 
немесе гармоникалық тербелістер генераторлары деп аталады. Егер, 
тербелістер үлгілері синусоидалықтан ерекше болатын болса (тік бұрышты, 
3.1-сурет. Электронды генератордың құрылымдық сызбасы 


үш бұрышты, ара тәрізді және т.б.), онда мұндай генераторлар импульстік, 
немесе релаксациялық деп аталатын болады. 
Қозу тәсілдері бойынша генераторлар төмендегідей бөлінеді: 
■ 
тәуелсіз қозатын генераторлар — бөгде қуат көздері өңдеп 
шығаратын тербелістер күшейткіштер болып табылады; 
■ 
өздері қозатын генераторлар (автогенераторлар) — оларда тербелістер 
қосымша сыртқы ықпалдарсыз пайда болады (оң кері байланысты 
пайдалану есебінен өздері сөнбейтін тербелістерді жасайды). Жоғары 
жиіліктегі тербелістерді шығаратын автогенераторлар, әдетте тербеліс 
контурында 
резонанс 
құбылысын 
пайдаланатын 
элементтерді 
пайдалану 
арқылы 
(LC-генераторлар) 
немесе 
пьезоэлектрлік 
резонаторда жасалынады. Төменгі жиіліктегі тербелістерді шығаратын 
автогенераторлар (ондаған килогерц) резистор — конденсатор (RC- 
генераторлар) сызбалары негізінде жасалынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет