Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет91/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159
ИМПУЛЬСТЫҚ ҚУАТ КӨЗДЕРІ
Қуат берудің желілік көздерінде энергияны түрлендіру, әдетте 50 
немесе 60 Гц-тік төменгі жиіліктерде орын алады. Нәтижесінде мұндай 
қуат көздерінің массасы мен габариттері үлкен болады. Түрлендіргіштердің 
қуаттылықтарын, олардың габариттік көлемдері мен массаларын төмендете 
отырып ұлғайту үшін, энергияны түрлендіру жиілігін ұлғайту қажет. Бұл 
мақсат үшін жұмыс жиіліктері, қуаттаушы желінің жиілігінен артық кернеу 
түрлендіргіштер қолданылады. Бұл түрлендіргіштерде трансформатор 
қысқа мерзімге, электронды кілттің көмегімен тұрақты тоқ желісіне 
қосылады. Электронды кілт ретінде транзисторлар немесе тиристорлар 
тәрізді жартылай өткізгіш компоненттер жиі пайдаланылады. Сонымен 
бірге, трансформатор арқылы өтетін тоқ, импульстік болып табылады және 
осыған байланысты қуат көзі импульстік деп аталады. Тұрмыстық 
аппаратураға енгізілген заманауи импульстік қуат көздерінде, түрлендіру 
жиілігі адамның құлағы ажырататыннан жоғары, яғни ол 20 кГц-тен 
жоғары болады. Бұл тұтынушы пайдаланылатын аппараттың мазасыз 
дыбысын естімеуі үшін қажет. Импульстік көздердің негізгі артықшылығы 
— трансформаторлық көздермен салыстырғанда үнемділіктері және 
айтарлықтай таңдаулы массалық-габариттік сипаттамалары болып 
табылады. Қазіргі таңда барлық стационарлық тұрмыстық аспаптар 
(компьютерлер, теледидарлар, музыкалық орталықтар және т.б.) міне 
осындай қуат көздерімен жабдықталады. 
Импульстік қуат көздерінің негізгі кемшілігі конструкциясының 
күрделілігі және осыдан шығатын салыстырмалы жоғары құны болып 
табылады. Импульстік қуат көздерін 50... 100 Вт және одан да артық 
энергия тұтынатын салыстырмалы түрде қуатты аспаптарда қолдануға 
дұрыс. 
 
 
 
 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1. 
Қайталама қуат көзінің құрылымдық сызбасын сызыңыз және 
оның құрамын түсіндіріңіз. 
2. 
Бір жарты кезеңді түзеткіштің электрлік сызбасын және 
түзетілген сигналдың үлгісін сызыңыз. 
3. 
Екі жарты кезеңді түзеткіштің электрлік көпірлі сызбасын және 
түзетілген сигналдың үлгісін сызыңыз. 


4. 
Түзеткішке арналған диодтар қандай параметрлері бойынша 
іріктеліп алынады? 
5. 
Бәсеңдетуші сүзгілер типтерін санамалаңыз және олардың 
сызбаларын сызыңыз. 
6. 
Сыйымдылық сүзгісінің әрекет ету принципін түсіндіріңіз және 
конденсатор сыйымдылығын таңдауға арналған формуланы 
жазыңыз. 
7. 
Стабилитрондағы параметрлік тұрақтандырғыштың электрлік 
сызбасын сызыңыз. 
8. 
Интегралды тұрақтандырғыш қандай элементтерде құрылған? 
9. 
Реттелетін және реттелмейтін интегралды тұрақтандырғыштарда 
пайдаланылатын микросызбаларға мысалдар келтіріңіз. 
10. 
Импульстік 
қуат 
көзлерінің 
артықшылықтары 
мен 
кемшіліктерін санамалаңыз. 


133 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет