137
калибрленген сигналмен салыстыруға мүмкіндік береді. Бірнеше арна
болған жағдайда, сонымен қатар бір сигналдың екіншісіне қатынасы
бойынша кернеулердің өзгерістерін көрсету мүмкіндігі де болады.
Тиісінше таңбаланатын және өздерінің атаулары болатын, кіру арналары
кабельдеріне (өлшеу кабельдері) жеке назар аудару қажет. Кабельдердің
негізгі типтері тік және аттенюаторлы болып табылады. Бұл кабельдердің
әрқайсысы коаксиалды кабель болып табылады, айырмашылықтары
біріншісі өлшенетін сызбаға қосқанда «крокодил» қысқышын
пайдаланады, ал екіншісінде үлкен кедергісі болатын резисторы бар
сүңгісі болады. Бұл резистор осциллографтың кіру резисторымен бірге,
кіру сигналын әлсірететін кернеуді айырғышты түзеді. Мұндай кабельдің
артықшылығы, ол күрделі үлгідегі жоғары жиіліктегі сигналдарды
визуалдандыруға мүмкіндік бере отырып, жоғары жиіліктегі сызбаларға
арналған аз сыйымдылық жүктемесін жасайды.сигнал амплитудасының
жоғалтымдары осциллографтың күшеюінің ұлғаюымен өтеледі.
Осциллографпен жұмыс істеу барысында сәйкестендіруді реттеу аса
маңызды болып табылады. Өйткені іс жүзінде өрістету жиілігі сигналдың
жиілігімен сәйкес келмейді, сондықтан сигнал, оның қалпын толығырақ
қарастыруға және параметрлерін өлшеуге үмкіндік бермей экранда
«жүгіретін» болады. Сәйкестендіруді реттеу сигналды экранда тоқтату
қызметін атқарады, сонымен бірге өрістетудің басы (сәуленің экранның
сол жағынан бастап жүрісі) қайталама сигналдағы өзгерістің қандай да бір
тән сәтімен сәйкес келетін болады (мысалы, нөл немесе кернеу максимумы
арқылы, сигналдың төмендеуі немесе алды бойынша өту). Бұл
параметрлер осциллографтың басқару элементтерімен реттеледі:
Осциллографтың пайдалану сипаттамаларына төмендегілер жатады:
■
Достарыңызбен бөлісу: