Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


-тарау  ЭЛЕКТРОНДЫ ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет92/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

5-тарау 
ЭЛЕКТРОНДЫ ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ 
ЭЛЕКТРОНДЫ КОМПОНЕНТТЕР МЕН ЭЛЕКТР 
СЫЗБАЛАРЫ ПАРАМЕТРЛЕРІН ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
5.1.
ЭЛЕКТРОНДЫ
КОМПОНЕНТТЕР
МЕН
ЭЛЕКТР
СЫЗБАЛАРЫН
ТЕКСЕРУГЕ
ЖӘНЕ
БАҚЫЛАУҒА
АРНАЛҒАН
АСПАПТАР 
 
5.1.1. Мультиметр 
Электр шамаларын өлшеуге және электронды компоненттерді 
тексеруге арналған кеңінен таралған аспаптардың бірі мультиметр (тестер) 
болып табылады. Екеуі 5.1-ші суретте ұсынылған, мультиметрлердің 
көптеген модельдері болады. 
Мультиметр
тоқты, кернеуді, кедергіні және т.б. өлшеуге арналған 
көп функциялы аспап болып табылады. Тоқты өлшеген жағдайда тұрақты 
немесе ауыспалы тоқ шәкілі пайдаланылады, яғни мультиметр амперметр 
рөлін атқаратын болады. Кернеуді өлшеген жағдайда тұрақты немесе 
ауыспалы кернеу шәкілі пайдаланылады, яғни мультиметр вольтметр рөлін 
атқаратын болады. Кедергіні өлшеген жағдайда кедергі шәкілі 
пайдаланылады, яғни мультиметр омметр рөлін атқаратын болады. 
Ауыспалы шамалар шәкілі толқынды сызық белгісімен белгіленетін 
болады. Мысалы, 5.2-ші суреттегі ауыспалы кернеулер шәкілдеріне 
арналған оң жақ жоғарғы бұрыштағы белгі. Тұрақты шамалар шәкілі 
қосарланған көлденең немесе үзік сызық белгісімен белгіленетін болады, 
мысалы 5.2-ші суреттегі тұрақты кернеулер шәкілдеріне арналған сол жақ 
жоғарғы бұрыштағы белгі. Кедергілер шәкілі үлкен грек Ώ — омега 
әрпімен белгіленеді. 
Мультиметрді пайдаланған жағдайда келесі ұсынылған ережелерді 
сақтау қажет. 
1. 
Жұмыс тәртіптерін ауыстырғышты, өлшенетін шама типіне сәйкес 
келетін шәкілге қою қажет. 
2. 
Жұмыс тәртіптерін ауыстырғышты, шамамен өлшенетін шама 
мәніне сәйкес келетін шәкіл бөліміне қою қажет. 
3. 
Қара түсті өлшеуге арналған сымды, «СОМ» (ортақ) деп белгіленген 
қара түсті ұяшыққа енгізу қажет. Қызыл түсті өлшеуге арналған сымды, 
ұяшықтардың жандарындағы белгіленімдерде көрсетілген, өлшенілетін 
шама типіне сәйкес қызыл түсті ұяшыққа енгізу қажет. 


Амперметр тәртібінде тоқты өлшеген жағдайда, мультиметрді
электр тізбегіне тізбектеп қосу, ал вольтметр тәртібінде кернеуді 
өлшеген жағдайда— 
параллельді қосу қажет. Бұл қарапайым ережені 
жаңа бастап келе жатқан пайдаланушылар жиі бұзады, бұл аспаптың істен 
шығуына алып келуі мүмкін. 
Мультиметрде амперметр тәртібінде
өлшеніп отырған тоқ шамасына бұрмалаулар енгізбеу үшін, өте шағын 
ішкі кедергісі болады. Егер, асперметрді параллельді өлшенетін шамаға 
қосса (вольтметр тәрізді), онда ол арқылы өте үлкен тоқ шамасы өтетін 
болады. Мультиметрлердің кейбір модельдерінде үлкен тоқ шамаларынан 
қорғаныс қарастырылған, егер мұндай қорғаныс болмаса, онда мультиметр 
өртеніп кетуі мүмкін.
Вольтметр тәртібінде жұмыс жасағанда, мультиметрден керісінше тоқ 
вольтметр арқылы өтпейтіндей және өлшеніп отырған параметрлерге 
осыған байланысты бұрмалаулар енгізілмес үшін, максималды жоғары 
кедергі талап етіледі. 
5.1- сурет. Мультиметрлер 


135 
Егер, оны мысалы, 1 В өлшеулер шегіне қосса, ал 220 В желіге қосса, яғни 
шәкілде дұрыс емес өлшемдер шектерін белгілесе, вольтметрді істен 
шығаруға болады. Сондықтан, егер, өлшенетін шаманың үлгілік мәні 
белгісіз болса, онда алдымен өлшеулердің максималды диапазоны 
орнатылады, ал сосын қажетті диапазонға түскенге дейін, оны біртіндеп 
төмендете бастайды. Жұмыс барысында өлшеулердің диапазонын 
автоматты таңдауы бар мультиметрлер модельдері аса оңтайлы (5.1-ші 
суретте сол жақтағы модель). Бұл жағдайда өлшеулер диапазонын алдын 
ала белгілеудің қажеті жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет