Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет94/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   159
ауытқу коэффициенті 
— кіру сигналының бұл кернеуден пайда 
болған сәуленің ауытқуына қатынасы (В/см немесе В/дел.); 
■ 
өткізу жолағы
— олардың шегінде осциллографтың ауытқу 
коэффициенті, оның орташа (негізгі) жиіліктегі мәніне қатысты 3дБ-
дан артық емес төмендейтін жиіліктер диапазоны; 

жазу жылдамдығы
— бір реттік сигналдарды тіркеу қамтамасыз 
етілетін, сәуленің экран бойынша жылжуының максималды 
жылдамдығы. 
Санамаланған 
параметрлер 
тексеріліп 
отырған 
сигналдардың 
амплитудалық, уақыттық және жиіліктік диапазондарын анықтайды.
Шынайы оциллографтың алдыңғы панеліндегі басқару органдары
Multisim 
бағдарламасындағы 
виртуалды 
оциллографтың 
басқару 
органдары ұсынатын баптауларды жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан, 
виртуалды оциллографты қолдануды меңгеріп, одан кейін шынайы 
осциллографты басқаруға жеңіл өтуге болады. 


5.1.1. 
Сигналдар генераторы
Өлшеу аспаптары, егер оларға сигнал түскен жағдайда ғана өлшеулерді 
жүргізуге қабілетті. Тексеріліп отырған құрылғының кіру орнына сигнал 
беру қажет болатын көптеген мысалдардарды келтіруге болады. Мысалы, 
күшейткіш сигналды шығармайды — ол тек өзінің кіру орнына түскен 
сигналды күшейтеді. Аяқталған өлшеу жүйесі тек өлшеуді ғана емес, 
сонымен қатар қажетті сигналдарды шығаруды меңзейді. Сигнал 
генераторы немесе тіркеу аспабымен жұптасқан сигнал шығару көзі 
өлшеу жүйесінің аяқталған шешімін шығаруға мүмкіндік береді. Бұл екі 
аспап тексеріліп отырған құрылғыны екі жағынан: 5.4-ші суретте 
көрсетілгендей кіре беріс жағынан және шығу орны жағынан қоршайды. 
Конфигурациясына байланысты сигналдар генераторы аналогтық 
сигналдар, сандық жүйелілік, модульденген сигналдар, қасақана 
бұрмалаулар, шуылдар және көптеген тағы да басқалар түрінде ықпал 
етуші сигналдарды шығара алады. 
Амплитуда, жиілік және фаза сигналдың негізгі сипаттамалары болып 
табылады, бірақ көптеген генераторларда реттелулері мүмкін, сигналды 
қосымша анықтаушы келесі ұсынылған басқа да сипаттамалар болады: 
мысалы, алды мен төмендеудің ұзақтығы, импульстың ұзақтығы, орнынан 
жылжуы және т.б. орнынан жылжу деп сигналдың нөлдік деңгейі (жер 
деңгейі) мен орталық желісі аралығындағы кернеуді атайды. Орнынан 
жылжу кернеуі, ауыспалы және тұрақты кернеу сомаларынан тұратын 
сигналдың тұрақты құрамдас бөлігіне тең. Мысалы, орнынан жылжудың 
кернеуі түзетілген сигналдың орташа кернеуі болып табылады. 
Сигналдар көздерін аралас сигналдар генераторларына (стандартты 
функциялар және ерікті қалыптағы сигналдар генераторлар) және 
логикалық сигналдар көздері (импульстар мен сандық жүйеліліктер 
генераторлары) бөлуге болады. Бұл генераторлардың әрқайсысы, оны 


139 
қандай да бір қосымшалар үшін неғұрлым қажетті істейтін белгілі бір 
артықшылықтарға ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет