Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Аралас сигналдар генераторлары



Pdf көрінісі
бет95/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

Аралас сигналдар генераторлары аналогтық сипаттамалардағы 
сигналдарды шығаруға арналған. Мұндай сигналдар синусоидтар мен 
үшбұрыштар тәрізді таза аналогтық сигналдардан шынайы сигналдардың 
ажырамас ерекшеліктері болып табылатын, дөңгелектеулер мен 
бұрмалауларға 
ие 
меандрларға 
дейін 
жайылыпжатыр. 
Аралас 
сигналдардың әмбебап генераторлары сигналдың амплитудасын, жиілігін 
және фазасын, сонымен қатар фронттары мен төмендеулерінің 
ұзақтықтары мен тұрақты жылжуларын басқаруға мүмкіндік береді. 
Мұндай генераторлардың көмегімен сигналдардың бұрмалануларын 
тудыруға және кедергілерді жасауға болады. 
Сандық сигналдар генераторлары сандық жүйелерге сигналдар беру 
үшін пайдаланылады. Мұндай генераторлардың шығу сигналдары екілік 
импульстардың жүйеліліктері болып табылады. Сандық сигналдар 
генераторлары функциялары, компьютер шиналарымен және соған ұқсас 
қосымшалармен жұмыс істеуге оңтайландырылған. Бұл функциялар 
сандық 
жүйеліліктерді 
жылдам 
әзірлеуге 
арналған 
бағдарлама 
құралдарынан, сонымен қатар әртүрлі сериядағы логикалық элементтер 
деңгейін келісуге арналған сынаспаптар тәрізді аппаратттық құралдардан 
тұруы мүмкін. Стандартты сигналдар генераторларынан сандық сигналдар 
генераторларына дейінгі заманауи генераторлардың көпшілігі, сандық 
технологияларды қолдана отырып дайындалған, бұл олардың жоғары 
дәлдіктерін және тамаша пайдаланушылық сапасын қамтамасыз етеді. 
 
5.5-суретте төмендегі ұсынылған сипаттамаларға ие, RIGOL DS2302А 
заманауи сигналдар генераторының алдыңғы панелі ұсынылған: 
5.5-сурет. RIGOL DS2302A сигналдар генераторы 


■ 
максималды шығарылатын жиілік — 160 МГц; 
■ 
шығу сигналдарының жоғары тұрақтылығы, тазалығы және фазалық 
шуылдардың төмен деңгейі (-115 дБ/Гц); 
■ 
сигналдың дискреттелуі секундына 500 млн. іріктемені құрайды, бұл 
сигналды неғұрлым нақты қалпына келтіруге мүмкіндік береді; 
■ 
генератор жадысына сигналдардың 150 түрі енгізілген
■ 
аспапта, сонымен қатар ДК қашықтықтан басқару әдісімен меншік 
немесе енгізілген сигналдарды құру және редакциялау мүмкіндігі; 
■ 
тігінен жоғары рұқсаты есебінен (14 бит) амплитудалық параметрлерді 
орнатудың жоғары дәлдігіне қол жеткізіледі; 
■ 
гармоникалық 
сигналдар 
тәртібінде 
16-шы 
тәртіпке 
дейінгі 
гармониктерді жасау мүмкіндігі бар; 
■ 
модуляциялардың 
ауқымды 
жиынтығы 
барлық 
танымал 
радиосигналдарды имитациялауға мүмкіндік береді: AM, FM, PM, 
ASK, FSK, PSK, BPSK, QPSK, 3FSK, 4FSK, OSK және PWM. Жұмыс 
модуляцияның ішкі, сонымен бірге сыртқы тәртібі бойынша жүзеге 
асырылуы мүмкін; 
■ 
1 (CH1) және 2 (CH2) арналары әбден ұқсас болып табылады және 
амплитудалары, жиіліктері және функционалдық мүмкіндіктері 
бойынша бірдей параметрге ие. Бір арнадан басқасына баптауларды 
көшіру мүмкіндігі бар; 
■ 
200 МГц-тік енгізілген толыққанды жиілік өлшеуіш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет