Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет125/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

1 — микроконтроллер2 — қуаттау жалғағышы; 3 — резонатор; 4 — USB-
портқа қызмет көрсететін Atmel MEGA16U2 микросызбасы; 5 — USB 
жалғағышы; 6 — RESETтүймешігі; 7 — жарық диоды; 8 — контактілердің 
жоғарғы (сандық) сызғышы (18 контакт); 9контактілердің төменгі 
(аналогтық) сызғышы (14 контакт) 


Платада орнатылған ATmega16U2 чипі бұл жалғануды USB арқылы 
трансляциялайды, сонымен бірге компьютерде виртуалды COM-порт қол 
жетімді болады. Arduino бағдарламалық бөлігі, осы арна бойынша мәтіндік 
хабарламалар алмасуға мүмкіндік беретін утилитадан тұрады. Платаға 
енгізілген RX және TX жарық диодтары, ATmega162U чипі мен 
компьютердің USB арасында деректерді алмасу жүріп жатқан кезде 
жалтылдайтын болады. 7-ші енгізілген жарық диоды 13-ші сандық 
контактіге қосылған. Егер, шығу орнындағы мән жоғары әлеуетке ие 
болса, онда жарық диоды жанып тұрады. 
RESET 
6
түймешігі микроконтроллерді қайтадан жүктеу қызметін 
атқарады. Бірақ Ардуино платасы жаңа кодты жазар алдында, 
платформадағы түймешікті басу арқылы емес, оның орнына қайтадан 
жүктеу бағдарламалаудың өзінде Upload белгісін (пиктограммасын) басқан 
жағдайда автоматты түрде қайтадан жүктелу жүзеге асырылатындай етіп 
әзірленген. Осылайша, RESET түймешігін басу міндетті емес. 
Arduino Uno өзін-өзі қалпына келтіруші сақтандырғыш (автомат), 
компьютерді қысқаша тұйықталу және артық тоқтардан қорғаушы USB 
порты енгізілген. Барлық компьютерлерде мұндай қорғаныстың болғанына 
қарамастан, аталмыш сақтандырғыш қосымша кедергіні қамтамасыз етеді. 
Сақтандырғыш USB-порт арқылы 500 мА артық тоқ өткен кезде іске 
қосылады және тоқтың қалыпты мәндері қалпына келтірілгенше тізбекті 
ажыратады. 
Arduino UNO техникалық сипаттамалары 7.2-кестеде келтірілген. 
7.2-кесте
Атауы
Сипаттамасы
Плата
Arduino UNO R3 нұсқасы (Smart 
Projects, Италия компаниясының)
Микроконтроллер
8-биттік ATmega328P (ATMEL
компаниясының)
Жұмыскернеуі
5 В
Кіру кернеуі (ұсынылатын)
7... 12 В
Сандық кіру-шығу порттары
14 (олардың 6 ШИМ-мен)


189 
Arduino DUE платасы. Arduino DUE — Cortex-M3 ARM 32-биттік 
процессорына негізделген Atmel ұсынған ATSAM3X8E микроконтроллері 
бар өндіруші плата. Егер, Arduino UNO мен Arduino DUE сыртқы 
пішіндерін салыстыратын болсақ, Arduino DUE платасы сәл ұзынырақ, 
онда қосымша контактілердің қаптал сызғышы пайда болған, бір USB 
жалғағышының орнына, екі микро USB орнатылған және әрине платасы, 
платаның ортасында орнатылған 144-пиндік микроконтроллерімен 
ерекшеленеді. 
Платаның жалпы пішіні 7.4-суретте ұсынылған. 
Атауы
Сипаттамасы
Кіру –шығу желісіндегі тұрақты тоқ
40 мА
Аналогтық кіру порттары
6
3,3 В желісіндегі тұрақты тоқ
50 мА
Flash жады
32 Кбайт (олардың 2 Кбайты 
bootloader жүктеушісіне берілген)
SRAM жады
2 Кбайт
EEPROM жады
1 Кбайт
Тактілік жиілік
16 МГц
USB интерфейс бойынша қуатты 
қолдау
Иә
Сызба ішілік бағдарламаларды қолдау
Иә
RX/TX контактілері арқылы тізбекті 
портты қолдау (UART) 
Иә
AREF контактілерін қолдау
Иә
Қуат көзін автоматты таңдау (USB 
немесе сыртқы адаптер)
Иә
Компьютердің USB портын артық 
крнеуден және қысқа тұйықталулардан 
қорғау
Иә
Көлемі (ДхШхВ)
75 х 54 х 15 мм
Салмағы
25 г




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет