Түпнұсқа Ардуино платаларын Smart Projects
италиялық компаниясы
шығарады. Ардуино платаларының клондарын (көшірмелерін) шығаратын
тағы да бірнеше компания бар. Ардуино бағдарламалау тілі, жеңіл және
жылдам меңгеруге болатын СИ жеңілдетілген нұсқасы болып табылады.
Arduino IDE енгізілген әзірлеу ортасы транслятор
мен программатордың
рөлін атқарады, яғни бағдарламаны жоғары деңгейлі тілден машина
кодтарына
аударады
және
оны
микроконтроллерге
жүктейді.
Бағдарламалау тілі мен Arduino IDE енгізілген
әзірлеу ортасы туралы
келесі бөлімшелерде айтылатын болады, әзірге Ардуино платасын
қарастырайық.
Ардуино платасының, оларға орнатылған
микроконтроллер типімен,
платадағы
интерфейстік
жалғағыштар
санымен
және
типімен,
көлемдерімен, қалыптарымен және т.б. бір-бірлерінен ерекшеленетін
ондаған модельдері бар. Бұл жерде Ардуино платасының екі моделі
қарастырылатын болады. Бұл ең танымалдарының бірі —
Ардуино UNO
платасы
және
неғұрлым
жетілдірілген
моделі
—
32-битным
микроконтроллері бар Arduino DUE платасы.
Ардуино UNO платасы. Ардуино UNO платасының (R3 нұсқасы)
жалпы пішіні 7.3-суретте ұсынылған.
Ардуино UNO платасында Atmel компаниясының ATmega328P
микроконтроллері орнатылған. ATmega328P микроконтроллері, сыртқы
программаторларды
пайдаланбастан
микроконтроллерге
жаңа
бағдарламаларды
жазуды қамтамасыз ететін, жазылған жүктеуішімен
(bootloader) жеткізіледі. Программатор жеке құрылғы ретінде Arduino
қажеті жоқ. Егер бағдарламаны сыртқы программатордың көмегімен
жүктеудің
қажеттілігі туындаса, онда Ардуино платасы ICSP (SPI-
интерфейс) алты контактілі жалғағышы арқылы мұндай мүмкіндікті ұсына
алады.
Платаға қуат не 2-ші қуаттау көзі жалғағышы арқылы, не 5–ші USB-
жалғағышы арқылы берілуі мүмкін. 2-ші жалғағышқа арналған штекердің
диаметрі 2,1 мм болуы, орталық шығу орны оң болуы қажет. Штекер
жалғағыштың
ұяшығына орнатылғаннан кейін, қуаттау автоматты түрде
USB осы жалғағышқа ауыстырылады. Бұдан бөлек, платаға кернеуді
контактілердің
төменгі сызғышының
Достарыңызбен бөлісу: