астыңғы әдіп қажет.
Мұндай қалтаның әдіптері дайын күйде бір енді болады. Егер әрбір
әдіптің дайын күйдегі ені 5 мм-ден аспаса, қалтаны жиектік тілікті
қалта деп атайды.
Негізгі бөлшектің беткі жағына көмекші лекало бойымен қалтаның
орналасатын жерін үш сызықпен белгілейді: бір сызық қалтаны тілетін
жерді анықтайды, бірінші сызыққа перпендикуляр екі сызық қалта
аузының ұзындығын шектейді. Одан кейін тағы екі көмекші сызық
салады. Оларды қалтаның тілік сызығынан жоғары және төмен,
әрқайсысын дайын күйдегі әдіптің екі еселенген еніне тең
арақашықтықта орналастырады.
Қалтаның тілінген жақтарын көмкермелі немесе күрделі жиекті
жөрмеу тігісін пайдалана отырып жөрмейді.
Көмкермелі жөрмеу тігісін алу үшін үстіңгі әдіпті ішкі жағын ішке
қаратып бойлық бағыта бүгеді, бойлық сызықтарын сәйкестендіреді,
әдіпті баса үтіктейді.
Қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларымен тұтас пішілген
астыңғы әдіпті ішкі жағын ішіне қаратып бүгілген шеттің ені дайын
күйдегі әдіптің 5...10 мм қосылған еніне тең болатындай етіп бүгеді.
Әдіпті баса үтіктейді.
Дайындалған әдіптерді негізгі бөлшекке әдіп бүкпелері
белгіленген көмекші сызықтармен сәйкес келетіндей етіп, ал
қиықтары тілік сызығына қарап тұратындай етіп жапсырады. Әдіп
ұштары қалта аузының ұзындығын әрбір жақтан 15...20 мм-ге
шектеп тұратын сызықтың жанынан кіруі тиіс. Әдіптерді көктейді
және негізгі бөлшекке кезек-кезекпен сырып тігеді (2.14-сурет, 1, 2-
тігімдер). Әдіптердің жатқыза үтіктелген жиектерінен сырып тігу
сызығына дейінгі арақашықтық дайын күйдегі әдіптің еніне
теңестірілуі тиіс. Тігімдерді қалта аузының ұзындығын шектейтін
перпендикулар белгі сызығында дәлме-дәл етіп аяқтайды да,
бекітеді.
Әдіптерді қосып тіккеннен кейін негізгі бөлшектің ішкі жағынан
операциялардың орындалуының дұрыстығын тексереді: тігімдер
ұзындығы бойынша тең және параллель болуы тиіс.
Қалта аузын қалтаның ортасынан бастап шеттеріне дейін
бөлшектің ішкі жағынан тігімдер арасында ортасынан тіледі. Тілік
шеттерінде негізгі бөлшекті тігім ұштарына 0,5...1 мм жетпестен
тігімдерге бұрышпен тіледі (2.14-сурет,
б
). Кертілген бұрыштардың
ұзындығы 10...15 мм-ді құрайды.
Өнеркәсіптік өндірісте әдіптерді көктемейді. Әдіптерді қосып
тігу операцияларын ерекше жолмен бүктелген бір әдіпті екі
параллель тігіммен қосып тігетін екі инелі жартылай автоматта
Достарыңызбен бөлісу: