Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет100/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   321
Ендірмелерді 
негізгі бөлшектерді безендіру үшін қолданады. 
Олар тікбұрышты не сопақ пішінді болуы мүмкін. Оларды иініштер 
сияқты негізгі бөлшектермен қайым, бастырма не жапсырма 
тігіспен біріктіреді. 
Кез келген иініш пен ендірменің жиектері желбіршекпен, 
қосетекпен, шілтермен, көмкермемен, жиектемемен, таспамен, 
тоқыма баумен және т.с.с. әшекейленуі мүмкін. Әрлегіш 
бөлшектерді иінішпен не ендірмемен қақпақша жиектерін өңдеген 
кездегідей етіп біріктіреді (2.5-сурет), одан кейін жоғарыда 
сипатталғандай, иініш пен ендірмені негізгі бөлшектермен 
біріктіреді. 
2.2.9. 
Негізгі бөлшек бөліктерін біріктіру
 
Материалдың моделі мен қасиеттеріне қарай негізгі бөлшек 
бөліктерін біріктіруді қайым, бастырма не жапсырма тігіспе, 
сондай-ақ тұйық, қосарлы немесе бүктемелі тігіспен орындайды. 
Қиықтарды сырып тігуді бөлшектің материалды қондыру 
көзделген жағынан орындайды. Егер бөлшектердің бірінде бүрме не 
қатпар болса, онда сырып тігуді бөлшектің бүрмелі не қатпарлы 
жағынан жүргізеді. Бедерлерді оң және сол бедерлер үшін бір 
бағытта кеспек жақтан сырып тігеді (не жоғарыдан төмен қарай, не 
төменнен жоғары қарай). Күрделі пішінді қиықтарды сырып тігер 
алдында олар алдын ала көктелуі мүмкін. Алдыңғы бой мен артқы 
бойдың бедерлі тігістерін иініштермен сырып тігер алдында 
орындайды. 
Тігіс қосымшаларының қиықтарын өңдейді. Тігістерді жатқыза 
не айыра үтіктейді. Торлы, жолақты немесе суреті бар, белгілі бір 
бағыты бар матадан жасалған бұйымдарда негізгі бөлшек бөліктерін 
біріктірген кезде суретті реттеп орналастырады. 
164


ҚАЛТАЛАРДЫ ӨҢДЕУ
 
2.3.1. 
Жапсырмалы қалталар
 
Қалталар бұйымда функционалдық және декоративтік мәнге ие. 
Олардың сыртқы түрі, өлшемдері, саны мен орналасқан жерлері 
әртүрлі болады. Технологиялық өңдеу бойынша қалталар 
жапсырмалы, тігіс ішіндегі және тілікті қалталар болып бөлінеді. 
Барлық қалталардың бөлшектерін негізгі материалдан пішеді. Бұл 
ретте түйінде тігіс санын қысқарту үшін тұтас пішілген 
бөлшектерге, 
мысалы, тұтас 
пішілген жапырақшасы бар 
жапсырмалы қалтаға, негізгі бөлшектермен тұтас пішілген бүйір 
тігістегі қалта астарларына және т.б. артықшылық беріледі. 
Қалталардың көзге көрінетін барлық қиықтарын жабады не өңдейді. 
Жапсырмалы қалталарды олардың пішініне, қалтаны негізгі 
бөлшекке сырып тігу тігісінің еніне, материал қасиеттеріне 
байланысты сол не басқа тәсілмен өңдейді. Өңдеу қалтаға кіретін 
жер болып табылатын үстіңгі шетті әрлеуді, бүйір және астыңғы 
қиықтарды өңдеуді, қалтаны бұйыммен біріктіруді қамтиды. Тез 
сетінегіш материалдардан жасалған бұйымдарда қалта қиықтарын 
жиектеп торлайды. Әдіп бойынша қалтаның үстіңгі шетін өңдеуге 
желімдік не желімсіз жиек салынуы мүмкін. 
Қалтаның үстіңгі шеті түзу немесе қисық сызықты болуы 
мүмкін. Түзу үстіңгі жиек материалдың қалыңдығы мен 
сетінегіштік дәрежесіне байланысты жабық (2.11-сурет, 
а
) не ашық 
жиектелген (2.11-сурет, 
б
) қиықты бүктеме тігіспен өңдейді. 
Мұндай жиек әдіпті қосарлар бүктей отырып жатқыза үтіктелуі 
мүмкін (2.11-сурет, 
в
) немесе қалтаның үстіңгі қиығының ені 1...2 
мм тігіспен қосып тігілуі арқылы жатқыза үтіктелуі мүмкін (2.11- 
сурет, 
г
). 
Қалтаның үстіңгі шетін тұтас пішілген жапырақшамен өңдейді. 
Бұл жағдайда қалтан жапырақшаның астыңғы жиегінің сызығы 
бойынша ішкі жағын ішіне қатарып бүгеді де, баса үтіктейді. 
Үстіңгі шет қосымшасын айналдырады және оны жапырақша мен 
қалтаның арасына қосымша қиығы жапырақшаның жатқыза 
үтіктелген бүкпесімен сәйкес келетіндей етіп салады. Жапырақша 
бүкпесіне параллель тігімді бүкпеден 3,5...5 мм арақашықтықта 
салады (2.11-сурет, 
д
, 1-тігім). Бұл ретте үстіңгі шеттің 
қосымшасын бүгіп тігеді. Қалтаны айналдырады және жасалған 
қатпар төмен қарай бағытталатындай етіп баса үтіктейді. Үстіңгі 
шет бойынша әрлегіш тігімді 

шеттен 3,5...5 мм арақашықтықта 
салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет