Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет102/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   321
167


2.3.2. 
Тігіс ішіндегі қалталар
 
Тігіс ішіндегі қалталар негізгі бөлшектердің тігістерінде (бүйір, 
иінішті қосып тігу тігістерінде және т.б.), қатпарларында немесе 
бедерлерінде орналасады. Олардың өлшемдері мен орналасқан 
жерлері модельге байланысты болады. Қалта аузы кез келген 
пішінді жапырақшамен, пішілген әдіппен (түзу не пішінді) әрленуі 
мүмкін. Тігіс ішіндегі қалталарда астардың үстіңгі және астыңғы 
немесе тек астыңғы бөлшегі болады. Қалта астарлары негізгі 
бөлшектермен тұтас пішілген не қосып тігілген болады. Қалтаның 
үстіңгі және астыңғы астарының өлшемдері мен пішіні бірдей 
болады. 
Мұндай қалталардың орындалу реттілігі ерекше. Оны, егер 
модельмен көзделген болса, қалта аузын жапырақшамен не әдіппен 
өңдеуден бастайды. Одан кейін негізгі бөлшектердің әрбіріне қалта 
астарын қосып тігеді. Қалта дайындауды негізгі бір мезетте қалта 
астарын сырып тіге отырып, бөлшектерді біріктірумен аяқтайды. 
Қалта жапырақшасы қатырамаланға болуы мүмкін. Үстіңгі 
астарды қосып тігу тігісінің қосымшасы бойынша негізгі бөлшекке 
жиек салынуы мүмкін. 
Тұтас пішілген қалта астарлары бар жай қалтаны дайындау 
кезінде негізгі бөлшектерді беткі жағын ішке қаратып қояды, 
қиықтары мен бақылау белгілерін сәйкестендіреді және тігімді 
қалта аузын белгілейтін бірінші бақылау белгісіне дейін салады. 
Одан кейін тігімді тоқтатпастан, қалтаның тұтас пішілген 
астарларының қиықтарын бойлай екінші бақылау белгісіне дейін 
салады, одан соң негізгі бөлшектердің қиықтарын сырып тігуді 
жалғастырады (2.13-сурет, 
а
, 1-тігім). Тігіс ені 10...15 мм. Қалта 
аузының бойымен негізгі бөлшектің беткі жағынан, егер модельмен 
көзделсе, әрлегіш тігімді салады (2-тігім). Жұқа маталардан 
жасалған бұйымдарда сырып тігілген қиықтарды жиектейді, 
бастыра және жатқыза үтіктейді. Қалың маталардан жасалған 
бұйымдарды сырып тігу тігісінің қосымшаларын әрқайсынын жеке- 
жеке жиектейді (3, 4-тігімдер). Ол үшін сырып тігу тігісінің 
қосымшаларының бірін бақылау белгілерінде кертеді. Қалтаның 
шеттерінде беткі жағынан бекітпелер қояды (5-тігім). Қалтаны баса 
үтіктейді. 
Қалтаның қималы астарларында жұмысты келесі тәртіппен 
жүзеге асырады. Қалта астарларын негізгі бөлшектерге қалта 
аузының сызығы бойынша қайым (2.13-сурет, 
б, 
1, 2-тігімдер) не 
бастырма тігіспен қосып тігеді. Сырып тігу тігісінің қиықтарын 
жиектейді (3, 4-тігімдер). Қалта аузының бойымен негізгі бөлшектің 
беткі жағы бойынша әрлегіш тігімді салады (5-тігім). Одан кейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет