Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Пішінді тілікті әдіпті қалта



Pdf көрінісі
бет106/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   321
Пішінді тілікті әдіпті қалта
. Мұндай қалталарды (2.14-сурет, 
е

екі пішілген әдіппен немесе арқаужіпке 45° бұрышпен пішілген 
әдіптермен өңдейді. Бұл жағдайда қальаның үстіңгі астарын негізгі 
бөлшектің ішкі жағына қосып көктейді. Әдіптерді қосып тіккеннен 
кейін (

және 
2
-тігімдер) қалтаны оның үстіңгі астарымен бірге 
тіледі. Әдіптерді негізгі бөлшектің ішкі жағына айналдырады да, 
түзейді. Әдіптерді 
3...5 
тігімдермен бекітеді. Астыңғы әдіптің 
қиығын 7...10 мм-ге бүгеді де, қалатаның үстіңгі астарына сырып 
тігеді 
(
6
-тігім). 
Қалтаның 
жиектерін 
қиғаш 
не 
айқас 
инешаншымдармен көктейді. Қалтаның астыңғы астарын салады, 
173


оның қиығын үстіңгі әдіп қиықтарымен теңестіреді де, үстіңгі 
әдіптің қосымшаларына қосып тігеді (
7
-тігім). Одан кейін қалта 
астарының бүйір және астыңғы қиықтарын сырып тігеді (
8
-тігім) 
және оларды жиектеп торлайды (
9
-тігім). Дайын қалтаны негізгі 
бөлшектің ішкі жағынан баса үтіктейді. 
Қақпақшалы тілікті қалта. 
Мұндай қалтада негізгі бөлшек 
тілігінің астыңғы қиығын көмкермелі не күрделі жиекті жөрмеу 
тігісін пайдалана отырып, қалтаның үстіңгі және астыңғы 
астарларымен тұтас пішілген әдіппен өңдейді. Тіліктің үстіңгі 
қиығын не тек қақпақшамен, не үстіңгі әдіппен қақпақшамен 
жөрмейді. Ұзындығы қалта аузының ұзындығына тең болуы тиіс 
қақпақшаны алдын ала дайындайды (2.2.6-бөлімшені қараңыз). Бұл 
қалтаға белгі салуды екі әдіпті қалта сияқты, негізгі бөлшектің беткі 
жағында жүргізеді. 
Жиек бойымен әрлегіш 
2
-тігім салынған астармен жөрмелген 
(
1
-тігім) дайын қақпақшаны (2.15-сурет) негізгі бөлшекке беткі 
жағын өң жағына қаратып салады. Қақпақша қиықтарын қалта 
тілігінің сызығына қарай бағыттайды, қақпақша мен негізгі 
бөлшектің 
белгі 
сызықтарын 
сәйкестендіреді, 
қақпақшаны 
белгіленген сызық бойымен қосып тігеді (
3
-тігім). Жеке тапсырыс 
бойынша тігу кезінде қақпақшаны қосып тігер алдында қосып 
көктейді. 
Қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларымен тұтас пішілген 
астыңғы әдіптің шетін ішкі жағын ішке қаратып, дайын күйдегі 
әдіптің 5...10 мм қосылған еніне бүгеді де, баса үтіктейді. Әдіпті 
жеткі жағын негізгі бөлшектің беткі жағына қаратып салады, әдіп 
қиықтарын қалта тілігінің сызығына қарай бағыттайды. Әдіпті 
алдыңғы бойға қосып тігеді (
4
-тігім). Әдіпті қосып тігу тігімінен 
оның бүкпесіне дейінгі арақашықтық әдіптің дайын күйдегі еніне 
және 

және 
4
-тігімдердің арасындағы арақашықтыққа тең. 
Әдіптерді қосып тігу тігімдерінің ұштары бекітіліп, қақпақшаның 
бүйір жақтарының деңгейінде орналасуы тиіс. 
Қақпақша мен әдіпті қосып тігудің жасалған тігімдерінің 
сапасын тексергеннен кейін негізгі бөлшекті қосып тігу тігімдерінің 
арасында ішкі жағынан орта бойымен тіледі, тіліктің шеттерінде 
негізгі бөлшекті тігімдерге 0,5...1 мм жетпестен бұрыш астында 
кертеді. 
Әдіптерді негізгі бөлшектің ішкі жағына айналдырады, 
қақпақша мен әдіпті қосып тігу тігістерін түзейді, қалта шеттерін 
беткі жағынан теріс тігіммен бекітеді. 
Қалтаның тұтас пішілген астарын беткі жағын ішке қаратып 
бүгеді, қалта қиығын қақпақша қиықтарымен сәйкестендіреді, 
тігімді қақпақшаны қосып тігу тігісіне барынша жақын етіп сала 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет