Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Бастырма жапырақшалы тілікті қалта



Pdf көрінісі
бет109/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Бастырма жапырақшалы тілікті қалта
. Оны дайындаған 
кезде алдын ала дайындалған жапырақшаны және қалтаның тұтас 
пішілген астарын пайдаланады (2.15-сурет, 
д
). Қалталарды көмекші 
лекало бойынша негізгі бөлшектің беткі жағына үш сызықпен – бір 
бойлық және екі көлденең сызықпен белгілейді. Жапырақшаның 
астарында қиықтардан 10...15 мм арақашықтықта қосып тігу 
сызығын белгілейді. Жапырақшаны белгі бойынша негізгі 
бөлшекпен бетпе-бет жоғары қаратып қиықтармен салады, 
белгіленген сызықтарды сәйкестендіреді. Жапырақшаны қосып 
тігеді (
2
-тігім). Қосып тігу тігімінің ұзындығы жапырақшаның 
ұзындығына тең. Тігімнің ұштарын бекітеді. Жеке тігу кезінде 
жапырақшаны қосып тігер алдында көктейді. 
Қалтаның астыңғы астарын негізгі бөлшектің беткі жағына 
өңімен жапсырады да, жапырақшаны қосып тігу тігісіне параллель 
етіп қосып тігеді (
3
-тігім). Қосып тігу тігімдерінің арасындағы 
арақашықтық 10...20 мм. Негізгі бөлшекті ұштардағы брқыштармен 
тігімдердің арасында ортасынан тіледі, жапырақша қосымшалары 
177


мен қалта астарын негізгі бөлшектің ішкі жағына айналдырады, 
тігістерді түзетеді. Астарды беткі жағын ішіне қаратып салады, 
оның астыңғы қиығын жапырақша қиықтарымен сәйкестендіреді. 
Астарды жапырақшаны қосып тігу тігісінің қосымшасына ені 5...10 
мм тігіспен қосып тігеді (4-тігім). 
Қалта ұштарын бұйымның ішкі жағынан кері тігіммен бекітеді, 
сонымен қатар қалта астарының бүйір қиықтарын ені 10...15 мм 
тігіспен сырып тігеді (5-тігім). Сырып тігу тігісінің қиықтарын үш 
жақтан жиектеп торлайды (6-тігім). Жеке тігу кезінде қалта 
ұштарын бекітіп, қалта астарын сырып тікпес бұрын, қалта аузын 
негізгі бөлшектің беткі жағынан бүгіп көктейді. 
Өңдеу соңында жапырақшаның ұштарын негізгі бөлшекке беткі 
жағынан сырып тігеді (7-тігім). Сырып тігу модельге байланысты 
әртүрлі тігімдерді (бір немесе бірнеше түзу сызықты, ирек, 
тікбұрыш пішінді және т.б.) пайдалану арқылы жүргізіледі. 
Кей жағдайда, әсіресе жапырақшаның пішіні фигуралық болса, 
қалтаны дайындау кезінде мынадай бөлшектерді пайдаланған 
дұрыс: жапырақша, қалтаның үстіңгі астарымен тұтас пішілген 
жапырақша астары, қалтаның астыңғы астары. Қалтаны өңдеу 2.15, 
е 
суретінде көрсетілген. Суреттен көрініп тұрғандай, қалта астарын 
жапырақшаны қосып тігу тігісінің қосымшасына қосып тігу 
операциясы жоқ. Бұл жағдайда қалта астарын бүйір қиықтары 
бойынша ғана емес, сондай-ақ астыңғы қиық бойынша да сырып 
тігеді (5-тігім). Қалта қиықтарын төрт жақтан жиектеп торлайды (6- 
тігім). 
Қалың маталардан жасалған бұйымдарда жапырақшаны қосып 
тігу тігісінде түйін қалыңдығын кішірейту үшін қалтаны өңдеуді 
келесі жолмен жүзеге асырады (2.15-сурет, 
ж
). Бойлық белгі 
сызығының бойымен негізгі бөлшекке жапырақшаны ғана қосып 
тігеді (
1
-тігім). Тігіс ені 10...15 мм. Қалтаның астыңғы астарын ені 
10...15 мм тігіспен қосып тігеді (
2
-тігім). Қалта аузын қосып тігу 
тігімдерінің арасында ортасынан тіледі. Жапырақшаны қосып тігу 
тігісін айыра үтіктейді. Жапырақшаны қосып тігу тігісінің 
қосымшасына қалтаның үстіңгі астарымен тұтас пішілген 
жапырақша астарын қосып тігеді (
3
-тігім). Қалта астарын үш 
жақтан ені 10...15 мм тігіспен сырып тігіп, сонымен қатар қалта 
ұштарын бекітеді (
4
-тігім). Қапшық қиықтарын төрт жақтан 
жиектеп торлайды (
5
-тігім). Жапырақшаны негізгі бөлшекке сырып 
тігеді (
6
-тігім). 
Бұйымда 
қалталардың 
біртегіс 
жиектері, 
тігімдері, 
көмкермелері; берік бұрыштары; созылып кетуге берік қалта аузы; 
178


пішіні өзгермейтін қақпақшалары, жапырақшалары, әдіптері болуы 
тиіс. Жұп қалталар бұйымда симметриялы орналасуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет