негізгі бөлшекке салынған сызықтарды сәйкестендіреді. Осындай
қалыпта жапырақшаны қосып тігеді (
1
-тігім). Жеке өндірісте оны
алдын ала қосып көктейді.
Қалтаның астыңғы астарын алдыңғы бойға бетпе-бет қаратып
салады да, ені 10 мм тігіспен қосып тігеді (
2
-тігім). Қалта астарын
қосып тігу тігімін жапырақшаны қосып тігу тігіміне параллель
жайын жапырақшаның еніне тең арақашықтықта орындайды.
Жасалған тігімдердің сапасын ішкі жағынан тексереді және
негізгі бөлшекті тігім ұшына 20 мм жетпестен тігімдердің арасында
ортасынан тіледі. Ұштарында тігімдерге 0,5...1 мм жетпестен
бұрыш астында тіліктерді жасайды. Жапырақша мен астарды ішкі
жағына айналдырады, қосып тігу тігістерін түзетеді, қалта шеттерін
негізгі бөлшектің ішкі жағынан кері тігіммен бүгіп тігеді (
3
-тігім).
Астар қиықтарын үш жақтан сырып тігеді (
4
-тігім) және төрт
жақтан жиектеп торлайды (
5
-тігім).
Егер моделі бойынша жапырақша бастырмалар тігілуі тиіс болса
(2.15-сурет,
г
), онда қалтаны өңдеу реттілігі сақталады. Қалтаның
шеттерін бекіткеннен кейін (3-тігім) әрлегіш
4-
тігімді
жапырақшаны қосып тігу тігісінің бойымен бөлшектің беткі жағы
бойынша салады. Әрлегіш тігістің ені модельмен анықталады. Тігім
ұтары бекітіледі. Қалтаны өңдеу аяқталғаннан кейін әрлегіш тігімді
жапырақшаның бүйір және үстіңгі жақтарының бойымен
жалғастырады (
7
-тігім). Тігім ұштарын бекітеді. Осылайша, әрлегіш
тігімді салу екі кезеңмен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: