Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет11/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Пішім – 
киімнің конструктивтік құрылымын анықтайтын 
конструкция типі. Жең пішімі (яғни оның қолтық ойындысымен 
біріктірілген пішіні) және негізгі бөлшектердің (артқы бой мен 
алдыңғы бой) бойлық және көлденең тігіспен бөлшектенуі киім 
пішімінің негізгі белгілері болып табылады. 
Жеңнің негізгі пішімдері қондырма, реглан және тұтас пішілген 
пішімдер болып табылады. Иықты киімнің пішімі артқы бой мен 
алдыңғы бойда бойлық тігістердің бар-жоғымен сипатталады. 
Т і г і с с а н ы н а қ а р а й бұйымдар біртігісті (алдыңғы 
түймелігі және артқы бойда бір ортаңғы тігісі бар), екітігісті (екі 
бүйір тігісі бар), үштігісті (екі бүйір тігісі және артқы бойда 
ортаңғы тігісі бар), бес тігісті (екі бүйір тігісі, артқы бойда ортаңғы 
тігісі және қималары қосылған тігістері бар), алты тігісті (екі бүйір 
тігісі және артқы бой мен алдыңғы бойда төрт тігісі бар) болуы 
мүмкін. Екі, үш және алты тігісті киім пішімдері классикалық 
болып есептеледі. 
К ө к і р е к ш е н і ң б е л д е м ш е м е н б і р і г у с и п а т ы н а 
қ а р а й киім бел сызығы бойынша қималы және қимасыз болуы 
мүмкін. Киім конструкциясының бөлшектенуіне қарай иықты және 
белдік киім болып бөлінеді. 
Иықты киім 
– дененің үстіңгі тіреуіш бетіне (иыққа, 
жауырынның шығыңқы бөліктеріне және кеудеге) тірелетін киім. 
Иықты киімге пальто-костюмдік және блузкалық сұрыпталым 
бұйымдары: пиджак, жекет, блузка, пальто және т.б. жатады. 
Белдік киім 
– дененің үстінде бел сызығымен, астында бөксе 
сызығымен шектелген төменгі тіреуіш бетіне тірелетін киім. Белдік 
киімге шалбар, шолақ шалбар, белдемше және т.б. жатады. 
14


1.1.3. 
Пішім бөлшектері
 
Киім бөлшектері не тек бір материалдан ғана пішілуі мүмкін, не 
негізгі материалдың, астар мен іштіктің бөлшектер топтамасынан 
тұруы мүмкін. 
Негізгі материалдан жасалған бөлшектер – иықты бұйымдарда 
алдыңғы жақ (алдыңғы бой), артқы бой, жең және жаға, белдік 
киімдерде белдемше ені, шалбардың алдыңғы және артқы жақтары. 
Қимасыз не қималы (түймелікті) алдыңғы бөлшекті, астыңғы 
жаққа жетпейтін бөлшекті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет