Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет10/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Конструкция 
(лат. 
constructio) 
– қандай да бір зат, машина, 
аспап және т.с.с. бөлшектерінің оның міндетімен айқындалатын 
құрылымы, құрылысы, өзара орналасуы. 
Киім конструкциясы бірнеше ұстанымдармен сипатталады: 
сыртқы пішіні (силуэт және пішім); бұйымның құрамды 
бөлшектерінің құрылымы; біріктіру тігістерінің түрі, материал түрі. 
Бөлшектердің мөлшері мен конфигурациясы тұрақсыз болып 
келеді. Олар сәннің, киім пішімінің, пішіннің бет түрінің, денебітім 
ерекшеліктерінің, материал қасиеттерінің және бұйымды өңдеу 
технологиясының ықпалымен өзгеруі мүмкін. 
Пішін (форма) 
(лат. 
forma) 
– бұйым затының сыртқы түрі, 
сұлбалары; адам денесі мен денебітімінің кескіндері, пішімі, түсі 
және басқа да белгілері бойынша бірдей, белгілі бір санаттағы 
адамдар үшін белгіленген киім (мысалы, әскери қызметшілер мен 
теміржолшылардың және т.б. формасы); белгіленген үлгі; киім 
дайындау, кию тәсілінде қатаң белгіленген тәртіп және басқалары. 
Силуэт 
(XVIII ғ. француздық қаржы министрі Э. де Силуэттің 
атымен аталған, оған арналып көлеңкелі кескін түрінде карикатура 
салынған) – адамдардың, фигура мен заттардың бір түсті жазық, 
олардың көлеңкесіне ұқсайтын, суреті салынған немесе қағаздан, 
матадан және т.б. ойып алынған суреті. Бұл сурет ашық фонда қара 
түспен немесе қара фонда ашық түспен салынуы мүмкін. 
Силуэт – костюмнің сыртқы пішінінің сипаттамасы, кескіні; 
сәнді айқындайтын көлемді пішіннің стильге салынған жазық 
бейнесі. 
Қазіргі заманғы модельдеуде бұйымның денебітімге жанасу 
дәрежесіне қарай (жартылай қынама, қынама, бос, кеңейтілген 
немесе төменге қарай тарылған) және жанасып тұратын 
геометриялық пішін түріне қарай (тікбұрышты, трапеция тәріздес, 
сопақ, Х-тәріздес) жіктелетін киімнің бірнеше жетекші силуэттері 
қабылданған. Үш силуэт – қынама (қынама бел), жартылай қынама 
және түзу (бос) – классикалық силуэтке жатады және сән қанша 
жерден өзгерсе де, пальто-костюмдік және көйлек-блузкалық 
сұрыпталым бұйымдары үшін негізгі силуэт болып қала береді. 
12


1.2-суретте модельдер топтамасы көрсетілген. Қ ы н а м а 
с и л у э т (1.2-сурет, 
а
) әртүрлі нұсқаларда жастар киімдерінде, сол 
сияқты кербез киімдерде де бар. Иық сызығы табиғи немесе сәл 
тураланған, ұзындығы, әдеттегідей, тізеге дейін. Кешкі сырт киім 
тобының бұйымдары ғана өте ұзын болады. Бел сызығы белбеумен 
ерекшеленеді. 
1.2
-сурет. Базалық силуэттер: 
а 
— қынама; 
б 
— А-силуэт; 
в 
— түзу; 
г 
— Х-силуэт 
13


А - с и л у э т (1.2-сурет, 
б
) – бос, иілімді, көбінесе макси 
ұзындықтағы силуэт. Ол біртіндеп сәннен кетіп, кешкі көйлектер 
тобында және жастар киімінде қалып бара жатыр. 
Т ү з у с и л у э т (1.2-сурет, 
в
) қазір басым силуэт емес. Ол сырт 
және кешкі киім тобына жатады. Көлемі, әдеттегідей біраз 
үлкейтілген. Классикалық костюмдер тобында да кездеседі, бірақ 
көлемі бұрынғыдай емес шағын, ұзындығы көбінесе мини болады. 
Х-силуэт бұйымдары (1.2-сурет, 
г
) әртүрлі ұзындықта болады, 
негізінен ол жастар киімдерінің сұрыпталымында кездеседі. Оның 
үстіңгі жағы денеге біраз жабысыңқырап тұрады және оның қысқа 
кең жайылма белдемшесі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет