Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет123/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   321
Тұтас пішілген өңірасты
. Оны жоғарыға дейін түймелігі бар 
бұйымдарда, сондай-ақ қайырма жағалы бұйымдарда пішімдегі 
лацкан сызығы бүйір сызықпен түзу сызық құраған кезде 
дайындайды. Бұл жағдайларда өңірастын негізгі бөлшекпен 
біртұтас етіп пішеді. 
Өңірастында іштікті қатырмалар алдында оның тік қиығы 
өңірдің бүкпе сызығын 7...10 мм-ге жаба отырып, оған параллель 
өтетіндей етіп орналастырады. Бұл бүйір жиегінің бойымен оның 
қиығы емес, желімді іштіктің бүкпесін орналастыру үшін жасалады. 
Мұндай тәсіл бүйір жиегінің жақсып сапасын қамтамасыз етеді. 
Ішкі қиығы жиектеп торланған өңірасты қатырмаланған негізгі 
бөлшекті (2.20-сурет, 
а

1
-тігім) бүйір сызық бойынша беткі жағын 
ішке қаратып бүгеді. Бүйір ойығын ені 5...7 мм тігіспен жөрмейді 
(
2
-тігім), бұл ретте тігімді ортаңғы сызықтан бастап бүйір бүкпесіне 
дейін салады. Тігім ұштарын бекітеді. Ойықты жөрмеу тігімінің 
ұшына қарай ортаңғы сызық бойымен қосымшаларды кертеді, ойық 
бұрышындағы қосымшалардың артық жерлерін керітпелейді. 
Негізгі бөлшектің астыңғы жиегін өңірастымен жөрмейді, бұл 
ретте материал қалыңдығына байланысты өңірасты шетінен бастап 
бүйір бүкпесіне дейін етек сызығын бойлай 1...5 мм төмен тігім 
салады (
3
-тігім). Тігім ұштарын бекітеді. Жөрмеу тігісінің 
қосымшаларын өңірастының бұрышында кертеді, өңірастындағы 
жөрмеу тігісі қосымшаларының артық жерлерін керітпелейді. 
Өңірлерді айналдырады, түзейді және баса үтіктейді. Өңірастының 
мойын ойындысы қиығын жағаны қондырып тіккен кезде өңдейді. 
Өңірастының астыңғы жиегін бұйым етегінің бүкпе қосымшасын 
бүгіп тіккен кезде бекітеді (
4
-тігім). Қажет болған жағдайда өңір 
шетін 
бойлай 
беткі 
жағына 
әрлегіш 
5
-тігімді 
салады. 
Өңірастылардың ішкі жиектері алдыңғы бойға сырып тігілуі 
мүмкін. 
Бір дайын өңірде (оң жақ – әйелдер бұйымдары үшін, сол жақ – 
ерлер бұйымдары үшін) тілікті ілгектерді айналдыра көктейді
екінші өңірге түймелерді тағады. Батырмаларады, ілмектер мен 
ілгектерді, текстильді түймелікті дайын өңірлерде бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет