Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет124/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

195


 
2.20
-сурет. Тесік түймеліктерді өңірастылармен өңдеу
196


Егер өңірлерде тілікті әдіптелген ілгектерді дайындаса, онда 
өңірді өңдеу реттілігі біраз өзгереді. 
Бірінші өңірастын қатырмалайды және оның ішкі қиығын 
өңдейді. 
Негізгі бөлшектің беткі жағында көмекші лекало бойынша 
ілгектердің орналасатын жерлерін белгілейді. Негізгі бөлшектің 
ішкі жағына ілгектердің белгіленген тіліктерінің астына желімдік не 
желімсіз қатайтқыш орнатады. 
Ілгектерді негізгі бөлшекте бір немесе екі әдіппен жөрмейді. 
Бір әдіпті пайдаланған кезде ілгек тіліктерін көмкермелі не 
күрделі жиекті жөрмеу тігісімен өңдейді. Әдіпті арқаужіпке 45° 
бұрыш астында пішеді. Оның ұзындығы түйменің диаметрінен 
40...50 мм, ені 40...50 мм-ге үлкен болуы тиіс. Жұмысты алдыңғы 
бойдың беткі жағына ілгек белгісін ссалудан бастайды. Әрбір ілгек 
үшін үш сызық – ілгектің бағытын анықтайтын бір сызық және 
ілгектің ұзындығын шектейтін екі сызық салады. Ілгектің ұзындығы 
түйменің қалыңдығына байланысты түйменің 2...5 мм қосылған 
диаметріне тең. Беткі жағында белгіленген сызықтарды ішкі жағына 
ауыстырады. 
Әдіпті беткі жағымен негізгі бөлшектің беткі жағына 
жапсырады да, қосып көктейді. Ілгекті негізгі бөлшектің ішкі 
жағынан жөрмейді. Белгіленген бойлық сызыққа параллель одан 
2,5...3 мм арақашықтықта, көлденең белгі сызықтарының арасына 
дәлме-дәл екі тігім салады (2.20-сурет, 
б


және 
1а 
тігімдері). 
Әдіпті қиықтан қиыққа дейінгі тігімдердің арасында тура 
ортасынан тіледі. Негізгі бөлшекті тілікті қалта сияқты: бірінші 
тігімдер арасында ортасынан, одан кейін тігім ұштарына бұрыш 
астында кеседі. Әдіп бөліктерін негізгі бөлшектің ішкі жағына 
айналдырады, жөрмеу тігістерін түзейді, екі жақтан ені 2,5...3 мм 
көмкерме шығарады және оны қиғаш инешаншымдармен 
айналдыра көктейді. Негізгі бөлшектің кесілген бұрыштарын түзеп, 
әдіп бөліктерін тарта отырып, ілгек ұштарын ішік жағынан қосарлы 
2
-тігіммен 
бекітеді. 
Әдіп 
жиектерін 
әдіпті 
қосып 
тігу 
қосымшаларына (

және 
3а 
тігімдері) немесе негізгі бөлшекке 
сырып тігеді, тігімді оның беткі жағынан салады (
4
-тігім). 
Ілгектерді күрделі жиекті жөрмеу тігісімен өңдеу кезінде қосып 
тігу тігісінің айыра үтіктелген қосымшасын әдіппен бүгеді және 
әдіпті негізгі бөлшекке беткі жағынан сырып тігеді. Тігімді қосып 
тігу тігісіне немесе негізгі бөлшек бойымен салады (
5
-тігім). Әдіп 
жиектерін 15...20 мм-ге дейін тіледі. 
Екі әдіпті пайдаланған кезде ілгек тіліктерін екі әдіпті қалта 
тілігін өңдеу реттілігіне ұқсас реттілікпен өңдейді. 
197


Әдіптелген ілгектерді дайындағаннан кейін өңірді өңірастымен 
бұйым ойығы мен етегінің бойымен жөрмейді. Ілгектер астындағы 
өңірастын тілік ұштарында бұрыштармен тіледі. Өңірасты 
ілгектерінің қиықтарын ішке қарай бүгеді және жасырын 
инешаншымдармен астарлап тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет