Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Планканы қосып тігу тігісіндегі ілгекті түймелік



Pdf көрінісі
бет121/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   321
Планканы қосып тігу тігісіндегі ілгекті түймелік
. Оны 
астармен тұтас пішілген планканы және қима өңірастын пайдалана 
отырып дайындайды (2.19-сурет, 
г
). 
Алдыңғы бойда, артқы бойда және өңірастында кертпелермен 
ілгектердің орналасатын жерлерін белгілейді. Өңірасытының ішкі 
қиығын жиектеп торлайды (
1
-тігім) немес бүгіп тігеді. Планканы 
беткі жағын төмен қаратып алдыңғы бойдың беткі жағына 
жапсырады, қиықтарын сәйкестендіреді және ілгектер орналасатын 
жерлерде тігім қосымшаларын жасап, планка жақтарына қосып 
тігеді (
2
-тігім). Тігіс ені 7...10 мм. Планканың беткі жағына 
өңірастын беткі жағын төмен қаратып жапсырады, бұл ретте 
қиықтарын сәйкестендіреді және ілгектер орналасатын жерлерде 
тігім қосымшаларын жасайды (
3
-тігім). Планка мен өңірастын 
қосып 
тіккеннен 
кейін 
екі 
тігімдегі 
бос 
қуыстардың 
симметриялылығын және олардың өлшемін, яғни ілгектің 
ұзындығын тексереді. Планканы алдыңғы бойға және өңірастына 
қосып тігу тігістерін айыра үтіктейді. 
Одан кейін планканың үстіңгі шетін жөрмейді. Ол үшін 
планканы бүйір сызығының бойымен беткі жағын ішіне қаратып 
бүгеді, қосып тігу тігістерін сәйкестендіреді және планканы қосып 
тігу тігісінен бастап планканың бүкпесіне дейін планканың үстіңгі 
шетін жөрмейді (
4
-тігім). Жөрмеу тігісінің ені 5...7 мм. Тігіс 
қосымшаларын планка бұрышына қарай кеседі, планканы беткі 
жағына айналдырады, тігісті түзеп, баса үтіктейді. 
Өңірасты мен алдыңғы бойды планка жаққа қарай бүгеді және 
планканы қосып тігу тігістерінің сыртқы қосымшаларын сырып 
193


тігеді (
5
-тігім). Тігімді планканы қосып тігу тігістерінің жанына 
салады. Өңірасты мен алдыңғы бойды түзейді. Ілгектедің бүгіп 
тігілмей қалған жақтарын қолмен жасырын инешаншымдармен 
тігеді (
6
-тігім). Түймелікті дайын күйде баса үтіктейді. Планканың 
астыңғы қиығын бұйымның астығы қиығын өңдеген кезде бүгіп 
тігеді. Оны планканың үстіңгі бұрышын жөрмеген кезде, ертерек 
жөрмеуге де болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет