Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


БҰЙЫМДЫ БЕЛ СЫЗЫҒЫ БОЙЫНША ӨҢДЕУ



Pdf көрінісі
бет153/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

БҰЙЫМДЫ БЕЛ СЫЗЫҒЫ БОЙЫНША ӨҢДЕУ
 
 
Бұйымдар бел сызығы бойынша қиылмаған және қиылған болуы 
мүмкін. Соңғы жағдайда олар бұйымның үстіңгі бөлігінен – 
көкірекшеден және астыңғы бөлігінен – белдемшеден тұрады. 
Бел сызығы бойынша қиылмаған бұйымдарды 
өңдеу артық 
созылудан сақтау үшін бел сызығы бойынша мақта-маталы ызбаны 
салудан немесе материал кесіндісін – бұйымды бел сызығы 
бойынша тартатын созылмалы ызбаны қозғауға арналған өткермені 
сырып тігуден тұрады. Бел сызығын өңдемес бұрын бүйір қиықтар 
біріктірілуі немесе біріктірілмеуі мүмкін. Бір бүйір тігісі 
орындалып, өңделуі мүмкін. 
Мақта-маталы ызбаны бұйымның ішкі жағынан салады, оны 
қатпарларда, бүкпелерде, тігіс қосымшаларында салынған белгі 
бойынша ұзындығы 10 мм-ден аз болмайтын қосарлы кері тігіммен 
салады (2.31-сурет, 
а
). Тігімді ызбаға көлденең салады. Ызбаның 
орнына арқаужіп бағытында пішілген негізгі матаның кесіндісін 
пайдалануға болады. Кесіндіні қиықтарды ішке екі рет бүктеуге 
арналған құрылғысы бар машинада сырып тігеді. Дайын күйдегі 
кесіндінің ені 10...12 мм. 
Бел сызығы бойынша созылмалы ызбаны салу үшін бойлық не 
көлденең бағытта пішілген негізгі мата кесіндісін пайдаланады. 
Кесіндінің ұштарын ішкі жағына 10...15 мм-ге бүгеді де, баса 
үтіктейді. Одан кейін кесіндіні бойлық бағытта тең етіп ішкі жағын 
ішке қаратып салады, бойлық қиықтарды сәйкестендіреді және 
қиықтардың бойымен негізгі бөлшектің ішкі жағына салынған белгі 
бойынша сырып тігеді (2.31-сурет, 
б
). Сырып тігу тігісінің ені 5...10 
мм. Одан кейін кесіндіні тігісд жаққа бүгеді және оның шетін ені 1 
мм тігіспен сырып тігеді, сонымен қатар созылмалы ызбаны салады. 
Сырып тігілетін кесінді түйіннің қалыңдығын кішірейту үшін жалаң 
болуы мүмкін (2.31-сурет, 
в
). Бұл жағдайда ұштары жатқыза 
үтіктелген кесіндіні беткі жағын негізгі бөлшектің ішкі жағына 
қаратып қояды да, бойлық қиықтың бойымен ені 5...7 мм тігіспен 
сырып тігеді. Кесіндіні тігіс жаққа бүктеп, кесінді қиығын ішке 
қарай 7 мм-ге бүгеді және ені 1 мм тігіспен сырып тігеді, сонымен 
қатар созылмалы ызбан салады. Дайын күйдегі өткерменің ені 
созылмалы ызбаның 1...2 мм қосылған еніне тең болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет