Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Белдемше мен шалбардың үстіңгі қиығын қосып тігілген



Pdf көрінісі
бет159/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Белдемше мен шалбардың үстіңгі қиығын қосып тігілген 
белбеумен өңдеу. 
Ол астармен тұтас пішіліп немесе белбеудің 
қиылған астарының үстіңгі шеті бойынша әдіптеліп орындалуы 
мүмкін. 
Белдемше мен шалбардың белдігі қатты және серпімді болуы 
тиіс, көлденең бағытта мыжылмауы және бойлық бағытта 
созылмауы тиіс. Сондықтан оны желімдік не желімсіз іштікпен 
қатырмалайды. Іштікті тек белдікке немесе белдік пен оның 
астарына қояды. Сонымен қатар, қосымша іштік ретінде ені 30...40 
мм қатты желімдік не желімсіз ызбаны пайдаланады, ол белбеудің 
бүкіл ұзындығы бойынша немесе оның жекелеген бөліктерінде, 
мысалы шалбардың алдыңғы жартысының бөлігінде салынуы 
мүмкін. Дәл осы мақсаттар үшін белбеу астарының орнына 
белтартпа таспаны пайдаланады. 
247


Белбеуді бұйымға қосып тікпес бұрын, егер модельмен 
қарастырылса, ілгіштерді, бастырмаларды, аспабауларды бастырып 
тігеді. Ілгіштерді бұйымның ішкі жағына бүйір тігістерден 20...25 
мм арақашықтықта, бастырмалар мен аспабауларды өң бетін 
бұйымның беткі жағына қаратып белгіленген жерлер бойынша 
салады. Бұл бөлшектерді бастырып тігу тігісінің тігімін үстіңгі 
қиыққа параллель етіп одан 3...5 мм арақашықтықта салады. Бұл 
тігіммен қатар, егер нәтижесінде қалта астарының қиықтары 
белбеуді қосып тігу тігісіне кіруі тиіс болса, оларды бекітеді 
Қиылған астарлы белбеуді белдемшенің не шалбардың үстіңгі 
қиығына бойлық қиықтарды ішке қарай 7 мм-ге бүгуге арналған 
құрылғысы бар екі инелі екі кассеталық машинада қосып тігеді 
(2.35-сурет, 
а
). Бұйымның үстіңгі қиығын белдік пен оның 
астарының арасына салып, бір тігіммен бекітеді. Екінші тігім белдік 
пен оның астарының үстіңгі шеттерін сырып тігеді. Белбеу 
ұштарын жабық не ашық жиектелген қиықты бүктеме тігіспен бүгіп 
тігеді (2.35-сурет, 
б
), түймелік қосымшасының қиығын шеттіктей 
отырып, сонымен бірге ызбамен (2.35-сурет, 
в
) немесе көлбеу 
көмкермемен шеттіктейді, қиықтарды ішке қарай бүктей отырып, 
бір инелі машинада бүгіп тігеді (2.35-сурет, 
г
). Соңғы жағдайда 
белбеуді қосып тігу тігімін белбеу ұштарына дейін 20...25 мм 
жеткізбейді. 
Әрбір бастырманың бос ұшын беткі жағына бүгеді, ішке қарай 
10...15 мм-ге бастырманың бүгілісі белбеудің үстіңгі шетінен тыс 
шықпайтындай етіп қайырады және сырып тігу машинасында 
немесе бекіткіш жартылай автоматта бастырып тігеді. 
Белбеумен тұтас пішілген астарын бұйымның үстіңгі шетіне ені 
7...10 мм тігіспен қосып тігеді (2.35-сурет, 
д, 1-
тігім). Тігімді белбеу 
астары жақтан салады. Белбеуді бойлық бағытта бүгеді және белбеу 
астарына беткі жағын ішке қаратып қояды. Белбеу мен 
белбеуастарының бүйір қиықтарын теңестіреді және белбеудің 
ұшын жөрмейді (
2
-тігім). Белбеуді екінші ұшында Г-тәрізді 
тігіммен 

жөрмейді. Белбеу ұштары белбеу астарын бұйымға 
қосып тіккенге дейін жөрмелуі мүмкін. Қосымшаның артық 
жерлерін жөрмеу тігісінің бұрыштарында кертеді, белбеу мен 
белбеу астарының қосымшасын Г-тәрізді тігімнің ұшына қарай 
кертпелейді. Белбеуді беткі жағына айналдырады, жөрмеу тігістері 
мен белбеу ұштарын түзейді. Қиықты ішке қарай бүгіп және белбеу 
астарын қосып тігу тігісін жауып, белбеудің үстіңгі шетін бастырып 
тігеді (
4
-тігім). 
Кей жағдайда әуелі белбеуді бұйымның үстіңгі қиығына қосып 
тігуге, одан кейін белбеу ұштарын өңдеп болған соң, ашық 
жиектелген қиықты астарды бастырып тігуге болады. Бастырып ті- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет