Үстіңгі қиық негізгі бөлшектерді толық біріктіргенге дейін өңделуі
мүмкін.
Белдемше мен шалбардың үстіңгі қиығын шеттік
тігістермен өңдеу
. Оны жабық не ашық жиектелген қиықты
бүктеме тігіспен немесе шеттіктеу тігісімен орындайды. Мұндай
жағдайда бұйымның үстіңгі шетінің бойымен созылмалы ызбаны,
бауды не екеуін бірге қозғауға арналған өткерме дайындайды.
Өткермені бұйымның үстіңгі шеті бүгілісінің үлкейтілген
қосымшасынан немесе негізгі материалдың бөлек пішілген
кесіндісінен дайындайды, оны жиектеп торлайды және модельге
байланысты бұйымның беткі не ішкі жағына үстіңгі шеттің
бойымен бастырып тігеді. Бұл жұмыс созылмалы ызбаға арналған
өткермені алдыңғы бой мен артқы бойдың бел сызығы бойынша
өңдеуге ұқсайды (2.8-бөлімшені және 2.31,
б, в
суретін қараңыз).
Егер өткермеге бау өткізсе, онда баудың бұйымның беткі жағына
шығатын ұштары үшін салынған белгі бойынша тесікті ілгекті
автоматта жиектейді немесе тесік тесіп, оларды баутесіктермен не
люверстермен безендіреді. Әуелі ішкі жағына тесіктің орналасатын
жері белгіленген орындарда желімдік не желімсіз қатайтқыштар
қояды. Артынша бұйымның беткі жағынан ілгектер шалып тігеді
немесе баутесіктер не люверстер қояды. Соңында, үстіңгі шеттің
бүгілу қосымшасын бүгіп тігеді немесе өткермеге арналған
кесіндіні бұйымның ішкі жағынан бастырып тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: