Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Белдемше мен шалбардың үстіңгі шетін жай жиектік жөрмеу



Pdf көрінісі
бет158/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Белдемше мен шалбардың үстіңгі шетін жай жиектік жөрмеу 
тігісімен өңдеу
. Оны пішілген әдіпті пайдалана отырып орындайды 
(2.34-сурет). Әуелі белдемшенің не шалбардың үстіңгі шетінің 
бойымен ені 5...7 мм желімдік не желімсіз ызба салады. Одан кейін 
пішілген әдіптің бөліктерін қатырмалап, ені 5...7 мм тігіспен сырып 
тігеді. Сырып тігу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді. Әдіптің 
2.34
-сурет. Белдемше мен шалбардың үстіңгі қиығын пішілген әдіппен өңдеу 
246
3
2
3


ішкі қиығын жиектеп торлайды (
1
-тігім), сырып тігеді, шеттіктейді 
немесе ішкі жағына 5...7 мм-ге жатқыза үтіктейді. 
Дайын әдіптің ұштарын түймеліктің қосымшаларына ені 5...7 мм 
тігіспен қосып тігеді (2-тігім). Қосып тігу тігісінің қосымшаларын 
әдіп жаққа жатқыза үтіктейді не айыра үтіктейді. Түймелік 
қосымшаларын бұйымның беткі жағына қайырады, қосымшаларға 
қосып тігілген әдіпті бұйыммен бетпе-бет қаратып қояды, тігістер 
мен үстіңгі шет қиықтарын сәйкестендіреді және бұйымның үстіңгі 
қиығын түймеліктің бір шетінен екінші шетіне дейін ені 5...7 мм 
әдіппен жөрмейді (
3
-тігім). Қажет болған жағдайда белгіленген 
жерлер бойынша жөрмеу тігісіне өңделген бастырмаларды салады, 
оларды алдын ала ішкі жағын бұйымның беткі жағына қаратып 
қояды және ені 3...5 мм тігіспен бұйымның үстіңгі қиығына 
параллель етіп бастырып тігеді. 
Жөрмеу тігісінің қосымшаларын әдіп жаққа бұрады да, оған ені 
2...3 мм тігіспен бастырып тігеді (
4
-тігім). Әдіп пен түймелік 
қосымшаларын бұйымның ішкі жағына айналдырады, жөрмеу тігісі 
мен түймелік бұрыштарын түзеп, баса үтіктейді. Егер моделі 
бойынша бұйымның үстіңгі шеті бойынша әрлегіш тігім 
қарастырылса, онда жөрмеу тігісінің қосымшаларын әдіпке 
бастырып тікпейді, бұйымның үстіңгі шеті бойынша әрлегіш тігімді 
әдіп пен түймелік қосымшаларын беткі жағына айналдырғаннан 
кейін салады (
5
-тігім). 
Әдіпті астыңғы шеті бойынша бүкпелер мен бүйір тігістерінің 
қосымшаларында ұзындығы 10 мм-ден аспайтын қол немесе 
машина тігімімінен 

бекітеді. Егер модельмен қарастырылса, 
әдіптің ішкі шетін бұйымға беткі жағынан бастырып тігеді (
7
-тігім). 
Бастырмалардың бос ұштарын бұйымға ең соңынан бастырып 
тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет