деліне байланысты бүкпе тігісінің қосымшаларын бөлшектің беткі
жағынан бастыра не айыра тігуге болады.
Қиылатын бүкпені желімдік іштік материалмен қатырмаланған
бөлшекке сырып тіккен кезде, мата құрағын оны сырып тігу кезінде
бүкпенің астына салмайды. Бұл жағдайда сырып тігілген бүкпенің
ұшын негізгі бөлшектің ішкі жағынан желімдік материалдың
үзіндісімен бүкпе ұшындағы босаң жерді жия үтіктегеннен кейін
бекітеді.
Кей жағдайда қиылатын бүкпені әуелі қиылмайтын бүкпе
ретінде сырып тігеді. Сырып тіккеннен кейін негізгі материалдың
артық жерлерін қиып тастап, бүкпе тігісіе ені 7...10 мм қосымша
қалдырады.
Тілікшелерді, бүкпелер сияқты, мата құрағын тілікше ұшының
астына сала отырып, өңдейді. Негізгі бөлшектердің бөліктерін
біріктіруді, әрлегіш тігістерді орындауды және әрлегіш тігімдерді
салуды астарсыз бұйымдардағы сияқты жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: