Егер модельмен қарастырылса, куртка сияқты бұйымдарда
бұйым етегін астарды бұйыммен біріктіргеннен кейін қосып
тігілген белбеумен өңдейді. Белбеу мен белбеу астарын астар
астымен біріктірілген бұйым етегіне қосып тігеді. Ол үшін белбеу
мен белбеу астарының қиықтарын ішке қарай бүгуге арналған
құрылғысы бар сырып тігу машинасын пайдаланады.
Иық қиықтарын артқы бой жақтан көктейді. Бұл ретте мойын
ойындысының қиығынан 15...20 мм тұста және қолтық
ойындысының қиығынан 30...40 мм тұста бөлшектерді көктеуді
қондырмасыз жүргізеді, ал қалған тұста артқы бойды қондырады.
Қондырманы жия үтіктейді. Одан кейін иық қиықтарын алдыңғы
бой жақтан сырып тігеді. Көктеген тігімді алып тастағаннан кейін
иық қиықтарын арнайы жастықшалары бар баспақта айыра
үтіктейді.
Иық қиықтарын алдын ала көктеместен сырып тігу үшін сырып
тігілетін материал қабаттарының бірін қажетті қондыруды
қамтамасыз ететін арнайы машинаны пайдаланады.
Пиджактарда иық қиықтарын артқы бой жақтан ені 20 мм
арқаужіпке 45° бұрышпен пішілген іштік мата кесіндісін сала
отырып сырып тігеді. Кесінді ұштарын мойын мен қолтық
ойындысының қиықтарына дейін 20...30 мм жеткізбейді.
Достарыңызбен бөлісу: