Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет177/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

277


 
 
3.9
-сурет. Ішкі (жасырын) түймелікті өңдеу 
сурет,
г
,
1
-тігім). Өңірастының шеті бойынша жиектеме жасай 
отырып, 
2
-тігімді салады. 
Түймелік тұсында алдыңғы бойдың бүйір қиығын да осы сияқты 
өңдейді (

және 
4
-тігімдер). 
4
-тігімді алдыңғы бойдың беткі жағы 
бойынша салады. Тігіс ені модельге сәйкес. 
Өңірастында беткі жағынан салынған белгі бойынша ілгектер 
шалып тігеді (
5
-тігім). Өңірастын алдыңғы бойға бетпе-бет қаратып 
жапсырады да, түймеліктен жоғары және төмен орналасқан бүйір 
тұстарын жөрмейді (
6
-тігім). Бүйір қосымшасын өңірастымен 
біріктіріп, ілгектердің арасында ортасынан және түймеліктердің 
ұштарында бекітпелер қояды (
7
-тігім). Өңірастын алдыңғы бойдың 
ішкі жағына айналдырады. Өңірдің үстіңгі және астыңғы 
бөліктерінде алдыңғы бойдың беткі жағы бойынша әрлегіш 
8

тігімді ол түймелік тұсындағы 
4
-тігіммен сәйкес келетіндей етіп 
салады. Түймеліктің ішкі шетін әрлегіш
9
-тігіммен бекітіп, 
278


өңірастын өңірге бастырып тігеді. Тігімді алдыңғы бойдың беткі 
жағына салынған белгі бойынша салады. 
3.5.1. 
Өңірлерді өңдеу
 
Алдыңғы бой мен қиылатын өңірастыларды өңдегеннен кейін 
оларды біріктіріп, өңірді өңірастымен жөрмейді. Асталы бұйым 
үшін бұл ең жауапты операциялардың бірі, оған бұйымның сыртқы 
түрі байланысты болады. Өңірлерді өңірастылармен жөрмегеннен 
кейін оң және сол жақ алдыңғы бой суретті бұзбай, симметриялы 
болуы тиіс. Операцияның күрделілігі лацкан ойығының, лацканның 
өзінің, өңірдің және оның астыңғы бұрышының қисық сызықты 
бөліктері бойынша тең тігімдер салудан тұрады. Сонымен қатар, оң 
және сол жақ алдыңғы бойда, өңірастының ортаңғы бөлігінде және 
өңірдің астыңғы бұрышында лацкан ойығында өңірастын бірдей 
қондыруды қамтамасыз ету қажет. 
Өңірастын жөрмер алдында бөлшектерді өңін ішке қаратып 
алдыңғы бойға көктеп тігеді. Әуелі өңірастын үстіңгі бөлікте көктеп 
тігеді, тігімді өңірастының ішкі қиығынан бастап лацкан бұрышына 
дейін салады. Одан кейін көктеу тігімін лацкан бұрышынан бастап 
оның бойымен және бүйір бойымен әрі қарай астыңғы бұрышқа 
дейін орындайды. Бұл ретте өңірастын лацкан бұрышына 1...3 мм, 
лацкан бөлігінде 3...4 мм, ілгектердің арасындағы бөлікте 2 мм-ге 
қондырады. Өңір бұрышына алдыңғы бойды 2...3 мм-ге қондырады. 
Қондыру шамасы пайдаланылатын материалдардың қасиеттеріне 
және бұйымның конструкциясына байланысты болады. 
Өңірастын өңірге бекіту кезінде көктеу үшін жіптердің орнына 
бекіткіш металл түйреуіштерді пайдаланады, оларды өңірасты 
жақтан арнайы пневматикалық бекіткішпен қояды. Бұл ретте 
әсіресе кертпелердің сәйкес келуін мұқият қадағалау қажет. 
Өңірасты мен өңір қондырмасын қиықтардан 20...30 мм бөлікте 
жия үтіктейді. Жөрмеу дәлдігін қамтамасыз ету үшін, алдыңғы 
бойда лекалоны пайдалана отырып, лацкан ұшы мен шетінің, 
өңірдің астыңғы бұрышының тұстарын жөрмеу сызығын жүргізеді. 
Өңірді лацкан бұрышынан бастап бүйір бұрышына дейінгі бағытта 
алдыңғы бой жақтан өңірастымен жөрмейді. Лацкан мен өңір 
бұрыштарын белгіленген сызықтар бойынша дәлме-дәл жөрмейді. 
Жөрмеу тігісінің ені 5...7 мм. 
Біртегіс боялған материалдардан жасалған бұйымдарда өңірді, 
сырып тігілетін бөлшектердің бірінде қажетті қондырманы жасай 
алатын арнайы машинада алдын ала көктеместен жөрмеуге болады. 
279


Екі алдыңғы бойда да өңірлерді жөрмегеннен кейін лацкан 
ойығы, лацкан мен өңір шеті, өңір асты тұстарында жөрмеу тігісінің 
ұзындығын тексереді. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын арнайы 
жіңішке жастықшалары бар баспақта немесе үтікпен ұштары тар 
жіңішке қалыпта айыра үтіктейді. Бұл операция өңір шеттерін 
кейінгі тегістеуді және жиектеме жасауды жеңілдетеді. 
Жөрмеу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктегеннен кейін 
жөрмеу тігімінің басында, лацкан бұрышында, өңірдің астыңғы 
бұрышында лацканның бүгілу сызығы бойынша кертеді. Қажет 
болған жағдайда жөрмеу тігісінің қисық сызықты тұстарында 
қосымшалардың артық жерлерін кертеді. Одан кейін жөрмеу 
тігісінің қосымшаларын кеседі, олардың ені өңірлерді өңдеу 
тәсіліне байланысты. Лацкан ойығының бойымен 2...4 мм 
қалдырады. Қалған бөліктерде сатылы кесуді орындайды, одан соң 
өңір мен өңірастыда тігіс қосымшаларының ені әртүрлі болады. 
Лацкан бойынша 2...5 мм қалдырып, алдыңғы бой жақтан 
қосымшаны кеседі. Өңір бойынша бүйір астында 2...5 мм 
қалдырып, өңірасты жақтан қосымшаны кеседі. Бұл ретте өңір асты 
бойынша қосымшаны өңірастының ішкі қиығына дейін 15...20 мм 
жетпестен кеседі. Егер моделі бойынша талап етілсе, жөрмеу 
тігісінің қосымшаларын кеспеуге болады. 
Өңірлерді одан әрі өңдеу реттілігі бұйымның моделіне 
байланысты. Егер бұйымда бүйір шеті бойынша әрлегіш тігім 
болса, онда тігім салмас бұрын өңірді қолмен не арнайы машинамен 
айналдыра көктеп алады. Айналдыра көктеу лацкан тұсында 
өңірастынан және бүйір тұсында алдыңғы бойдан жасалған 
жиектемені бекітуге мүмкіндік береді. Әдіптелген ілгекті 
бұйымдарда өңірасты кесіп, тіккен кезде жылжып кетпес үшін ілгек 
тіліктерінен 25...30 мм арақашықтықта өңірастын қосымша қосып 
көктейді. Етегі қосып тігілген астарлы бұйымдарда өңірдің астыңғы 
шетін өңірмен қатар жөрмейді немесе шлица бұрышын жөрмеген 
сияқты, бөлек жөрмейді (3.3.4-бөлімшені қараңыз). Етегі ашық 
астарлы бұйымдарда өңірдің астыңғы бұрышы, ашық астарлы 
бұйымдардағы шлица бұрыштары сияқты, өңделуі тиіс. Бүйір астын 
өңдегеннен кейін етектің бүгілу қосымшасын бүгіп көктейді. Өңір 
мен бұйым етегін әмбебап жастықшалы баспақта немесе үтікпен 
баса үтіктейді. Бұл ретте өңір пішіні түпкілікті бекітіледі және 
тегістелген жиектеме бекітіледі. Одан кейін өңір шеті бойынша 
бүйір шетінен модельде қарастырылған арақашықтықта әрлегіш 
тігімді салады. Әрлегіш тігім бүйір шеті бойынша жиектемені 
бекітеді және киімді пайдалану кезінде өңірдің орнықтылығын 
қамтамасыз етеді. Көп жағдайда әрлегіш тігімді жағаны бұйыммен 
280


біріктіргеннен кейін, тігімдерді тоқтатпастан, жаға мен өңір шетін 
бойлай орындайды. 
Өңірді әрлегіш тігімсіз өңдеген кезде (өңірдің «таза шеті») бүйір 
шетін жасырын инешаншымдық арнайы машинада немесе сырып 
тігу машинасында жіптік тәсілмен немесе желімдік жіпті, желімдік 
торды не желімді өрмекті пайдалану арқылы желімдік тәсілмен 
бекітеді. 
Өңірлерді айналдыра көктегеннен кейін оларды, жөрмеу 
тігісінің қосымшаларын алдыңғы бой іштігіне қосып тігу арқылы, 
жасырын инешаншымдық машинамен бекітеді. 
Өңірді жөрмеу тігісінің қосымшаларын қайырма жағаы 
бұйымдарда лацкан тұсында алдыңғы бойға және бүйір тұсында 
өңірастыға бастырып тігеді. Жөрмеу тігістерінің қосымшаларын 
бастырып тігер алдында айыра үтіктемейді. Жоғарыға дейін 
түймелігі бар бұйымдарда жөрмеу тігісінің қосымшасын бүкіл 
ұзындығы бойынша өңірастыға бастырып тігеді. Жұмысты сырып 
тігу машинасында орындайды. Тігімді жөрмеу тігімінен 1...2 мм 
арақашықтықта салады. Одан кейін өңірді айналдыра көктеп, баса 
үтіктейді. 
Бүйір шеті бойынша әрлегіш тігімі жоқ ұзын бұйымдарда 
өңірастын астыңғы ілгектен бастан етекке дейінгі тұста қосымша 
алдыңғы бойға қосып тігеді. Тігімді бүйір сызығына параллель 
өңірастының ортасынан салады. Ол үшін жасырын инешаншымдық 
арнайы машинаны пайдаланады. 
Ені 10...15 мм желімдік торды немесе өрмекті жөрмеу 
процесінде не одан кейін алдыңғы бойдың ішкі жағынан өңірді 
жөрмеу тігісінің қосымшаларына бекітеді. Бірінші жағдайда 
желімді материалды тікелей орындалатын жөрмеу тігімінің астына 
салады. Өңірді жөрмегеннен кейін торды не өрмекті орындаған тігіс 
қосымшаларына арнайы машинада не үтікпен үтік басқыш ретінде 
фторқабатты таспаны пайдалана отырып бекітеді. Өңірлерді 
айналдыра көктеген кезде желімдік торды не өрмекті жөрмеу 
тігімінен 6...10 мм арақашықтықта орналастырады. 
Желімдік жіпті сырып тігу машинасында қайық шарығына 
жинай отырып салады. Жіпті алдыңғы бой жақтан орналастырып, 
өңірді жөрмеу тігісі бойынша салады. Өңірді желімдік 
материалдарды салғаннан кейін айналдыра көктейді. Өңірастын 
желімдік материалдармен түпкілікті бекіту өңірлерді баспақтау 
процесінде жүзеге асады. 
Әдіптелген ілгектер үшін өңірасты жақтан тесіктер тіледі. Ілгек 
ұшына дейін 6 мм жетпестен, көлбеу тілітер жасайды. Өңірастыда 
пайда болған қиықтарды ішке қарай қайырып, жасырын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет