Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет182/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

286


 
 
3.10
-сурет. Пиджак жағасын өңдеу 
пен салады. Ватиннің орнына синтепонды пайдалануға болады 
Ұзын түкті және қатқыл былғары маталы тері жағаларға 
арналған астыңғы жағаны астарсыз жасайды. 
Тез сетінегіш материалдардан жасалған астыңғы жағаның 
қиықтарын жиектеп торлайды немесе шеттіктейді. 
Түкті жамылғысының ұзындығы әртүрлі және былғары 
матасының тығыздығы әртүрлі табиғи теріден жасалған үстіңгі 
жағаларды осы факторларды ескере отырып өңдейді. Әлсіз былғары 
287


маталы жағаларды бөзден не коленкордан жасалған іштікпен 
қатайтады, оны былғары матамен жасырын инешаншымдық 
машинада жаға тіктемесінің не қырының қиығына параллель, 
арақашықтығы 30...40 мм болатын бірнеше тігіммен біріктіреді. 
Қатайтқыш іштік ретінде төмен балқу температурасына ие, 
желімдік жабыны бар арнайы тоқылмаған материал пайдаланылуы 
мүмкін. Мұндай іштікті тері жағаның ішкі жағына үтікпен үтіктегіш 
беттің 80...90°С температурасы жағадйында бекітеді. 
Берік жіңішке былғары маталы жағаларда тіктемеге іштіктің 
орнына ені 15 мм коленкор кесіндісін, жиек немесе ызба қосып 
тігеді. Оның қиығын сәл тартып, жағаның мойын ойындысы 
қиығынан 3 мм арақашықтықта орналастырады. 
Қой терісінен жасалған, берік былғары матасы бар жағаларда 
іштіктерді де, жиектерді де қолданбайды. 
Тері жағаларға пішінді бүкпелермен береді, оларды тілінетін 
етіп 
жасайды 
және 
іштікпен 
бірге 
біржіптік 
тізбекті 
инешаншымдық үлбір тігу машинасында не қолмен сырып тігеді. 
Үстіңгі тері жағаны астыңғымен біріктіруді, негізгі материалдан 
жасалған үстіңгі жағаны өңдеген кездегі сияқты, сырып тігу 
машинасында ұштары мен қырын жөрмеу арқылы орындайды. 
Жөрмеу кезінде үстіңгі жағаны бұрыштарда қондырады. Жөрмеу 
тігісінің ені 5...7 мм. Жөрмеу тігісті жиектемені бекіту үшін жөрмеу 
тігісінің қосымшаларын астыңғы жағаға бастырып тігеді. Жағаны 
беткі жағына айналдырып, жиектемені түзейді, жаға шетін 
айналдыра көктейді. 
Тері жағаны жөрмеуді біржіптік тізбекті инешаншымдық үлбір 
тігу машинасында орындауға болады. Жағаны ұштары мен қыры 
бойынша ені 3...4 мм тігіспен өңдейді, одан кейін беткі жағына 
айналдырады және жағаның шетін бөлшектердің қиықтары 
жағаның қыры мен ұшына қарай бағытталатындай етіп түзейді. Бұл 
ретте үстіңгі жағаның материалы астыңғы жағаның қиықтарын 
бүгеді. Жаға шетін айналдыра көктейді. 
Жаға шетінің орнықтылығы үшін үстіңгі жағаны астыңғы 
жағаның іштігіне жаға қырының сызығын бойлай жасырын 
тігіммен бекітеді. 
Үстіңгі жағаны астыңғы жағаға қыры бойынша ирек тігіммен 
бастырып тігуге, одан кейін жаға ұштарыг сырып тігу машинасында 
жөрмеуге болады. Жөрмеу тігісінің ені 5...6 мм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет