(2.4.4-бөлімшені
қараңыз). Өңірастыларды өңдегеннен кейін
лацкандардағы суреттің симметриялығын тексереді, қажет болған
жағдайда сурет бөліктерін ретке келтіреді, кедір-бұдыр жерлерді
тегістеп, материалдың артық жерлерін кесіп тастайды.
Ерлер бұйымдарында
ішкі (жасырын) түймелікті оң жақ
өңірастыда, ал әйелдер бұйымдарында сол жақ өңірастыда жасайды.
Тұтас пішілген өңірастыларда ішкі түймелік дайындау бүйір
сызығына параллель одан 17...20 мм арақашықтықта орналасқан
қосымша тіліктің өңделуін көздейді. Тілікті өңдеу үшін бойлық
бағытта астарлы материалдан пішілген және ұзындығы тілік
ұзындығынан 50...60 мм асатын және ені ішкі түймеліктің екі
еселеніп 40...50 мм қосылған еніне тең әдіпті пайдаланады.
Әдіпті ішкі жағын ішке қаратып оның астыңғы бөлігі үстіңгі
бөлігінен 6...10 мм жалпағырақ болатындай етіп қайырады және
оны өңірастына оның ішкі қиығы жаққа бүгіп, бүгілістен 3...5 мм
арақашықтықта қосып тігеді (3.9-сурет,
а
,
1
-тігім). Әдіптің үстіңгі
бөлігін бүгіп, бірінші тігімнен 6...10 мм арақашықтықта
2
-тігімді
орындайды. Орындалған екі тігімнің ұзындықтары тең болып, тігім
ұштары бекітілген болуы тиіс. Әдіптің үстіңгі бөлігін оңға қарай
бүгіп, тігімердің арасында өңірасты мен әдіпті, қалта аузын
безендірген кездегідей етіп, тіледі. Одан кейін әдіпті ішкі жағына
айналдырып, тігістерді түзейді. Әдіптің оң жағымен қосымшаларды
өңірастына бастырып тігеді (
3
-тігім).
Тіліктен 7...10 мм
арақашықтықта өңірастыда және әдіптің үстіңгі бөлігінде ілгекті
жиектеп торлайды (3.9-сурет,
б
,
4
-тігім). Әдіптің астыңғы бөлігін
түзеп, үстіңгі бөлікпен
5
-тігіммен сырып тігеді, сонымен бірге тілік
ұштарын бекітеді. Өңірастының беткі жағынан тілікті ілгектердің
арасында ортасынан орналасқан бекітпелермен бекітеді (
6
-тігім).
Бекітпелерді сырып тігу машинасында үш кері тігіммен немесе
бекіткіш машинада тілік сызығына перпендикуляр етіп жасайды.
Фигуралық тігімді де пайдалануға болады.
Өңірлерді өңдегеннен кейін беткі жағынан белгі бойынша
түймеліктің ішкі шетін әрлегіш
7
-тігіммен бекітеді. Бұл ретте әдіп
қиықтары тігім астына дәл келуі тиіс.
Тілік жақтары шеттіктеу тігісімен өңделуі мүмкін. Мұндай
түймелікті өңдеу реттілігі 3.9,
в
суретінде көрсетілген.
Қиылатын өңірастылы бұйымдарда ішкі түймелікті өңірді
өңірастымен жөрмеу тігісінде өңдейді. Түймеліктің орналасатын
жерінде өңірастының бүйір қиығы бойынша желімдік жиекті біраз
тарта отырып салады. Өңірасты қиығын бойлық бағытта астарлы
матадан пішілген әдіппен өңдейді. Жөрмеу тігісінің ені 5 мм (3.9-
Достарыңызбен бөлісу: