Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Жағаны астарлы бұйыммен біріктіру



Pdf көрінісі
бет183/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Жағаны астарлы бұйыммен біріктіру
. Әуелі үстіңгі жағаны 
раскеп сызығы бойынша өңірастымен біріктіреді. Біріктіруді қайым 
тігіспен айыра үтіктеп орындайды. Одан кейін қайым не жапсырма 
тігісті пайдалана отырып, астыңғы жағаны бұйымның мойын 
ойындысына қондырып тігеді. 
288


Қондырып 
тігер 
алдында 
жағаны 
бұйымның 
мойын 
ойындысына көктеп тігеді. Әуелі үстіңгі жағаны раскеп 
сызықтарының бойымен өңірастыларға қосып көктейді, одан кейін 
астыңғы жағаны бұйымның мойын ойындысына екі рет көктеп 
тігеді, әр жол жағаның ортасынан бастап оның ұштарына дейін 
орындайды және бақылау белгілерін сәйкестендіреді. Бұл ретте 
астыңғы жағаны иық тігістерінің үстінде ұзындығы 20...30 мм 
бөліктерде алдыңғы бой мен артқы бойдың мойын ойындысын 
қондырады, ал алдыңғы бойдың мойын ойындысын лацканның 
бүгілу сызығына дейін ұзындығы 30...40 мм бөлікте қондырады. 
Қондыру дәрежесі бұйымның конструкциясы мен пайдаланылатын 
материалдардың қасиеттеріне байланысты. Өнеркәсіптік өндіріс 
жағдайында жағаны көктеу операциясын орындамауға болады. 
Қайым тігісті пайдаланған кезде раскептерді біріктіруді (3.11- 
сурет, 
а

5
-тігім) және астыңғы жағаны қондырып тігуді (
5а 
тігімі) 
сол жақ бүйірден бастап оң жақ бүйірде аяқтай отырып, бір 
тігіммен орындайды. Тігімді жаға жақтан салады. Тігіс ені 7...10 мм. 
Раскептерді сырып тігу тігістері мен астыңғы жағаны қондырып 
тігу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді. Қондырып тігу 
тігісінің қосымшаларын жаға ұштарында кертеді. Қондырып тігу 
тігісінің тігіміне дейін 1...2 мм қалдыра отырып, қондырып тігу 
тігісінің қосымшасынан астыңғы және үстіңгі жаға іштігінің артық 
жерлерін қиып тастайды. Раскеп тігістерінің айыра үтіктелген 
қосымшаларын астыңғы жағаны қондырып тігу тігісінің айыра 
үтіктелген қосымшаларымен сырып тігу машинасында (
6
-тігім), қол 
инешаншымдарымен немесе желімдік өрмекті пайдалану арқылы 
біріктіреді. Одан кейін үстіңгі жағаны тіктеменің бүгілу сызығы 
бойынша астыңғы жағаға көктеп тігеді, қосымшаны үстіңгі жаға 
тіктемесінің бүгілген жеріне бекітеді. Көктеуді қолмен не арнайы 
машинада жүзеге асырады және бұйымды соңғы әрлегенге дейін 
қалдырады. 
Астыңғы жағаны мойын ойындысына қондырып тігу үшін 
жапсырма тігісті пайдаланған кезде әуелі раскеп сызықтары 
бойынша үстіңгі жағаны өңірастыларға қосып тігеді және, 
тігімдерді тоқтатпастан, астыңғы жағаны раскеп сызықтары 
бойынша бұйымның мойын ойындысына қондырып тігеді (3.11- 
сурет, 
б

5
-тігім). Бұйымның мойын ойындысын астыңғы жағаны 
қондырып тігу тігімінің ұштарында кертеді. Тігіс қосымшаларын 
айыра үтіктейді. Одан кейін астыңғы жағаны бор сызығы бойынша 
мойын ойындысының қиығын 7...10 мм-ге жабыңқырап, бұйым 
мойын ойындысының шетіне жапсырады. Артқы бойдың ішкі 
жағынан астарлы мата кесіндісін салып, астыңғы жағаны көктейді. 
Бұл кесінді оған соңынан астарды үстіңгі жағаға қосып тігу тігісінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет