Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Бүкпелі шлица қиықтарын өңдеу



Pdf көрінісі
бет186/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Бүкпелі шлица қиықтарын өңдеу
. Оларды шынтақ қиықтарын 
сырып тігумен қатар өңдейді (3.12-сурет, 
а
). Әуелі тігімді шынтақ 
қиықтарының бойымен салады, одан кейін шлица қиықтарын 
сырып тігеді және соңында жең аузының бүгілу қосымшасының 
қиықтарын біріктіреді (3.12-сурет, 
б
). Шлицаның астыңғы шетінің 
бөлігінде тігімді жең аузының бүгілу сызығынан материалдың 
қалыңдығы байланысты болатын мөлшерде жоғары салады. Сырып 
тігу тігісінің қосымшаларын жеңнің астыңғы бөлігінде шлицаның 
бұрыштарында кертеді. Шынтақ тігісінің және жең аузының бүгілу 
қосымшасын сырып тігу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді, 
шлицаны жеңнің үстіңгі бөлігіне қарай жатқыза үтіктейді (3.12- 
сурет, 
в
). Шлицаның астыңғы шетінің тұсындағы қосымшалардың 
артық жерлерін алдын ала қиып тастайды да, жең аузының бүгілу 
қосымшасын ішкі жағына бүгіп, жатқыза үтіктейді. Одан кейін жең 
аузына астарды қосып тігеді және жең мен жең астарының алдыңғы 
қиықтарын сырып тігеді. Одан әрі өңдеу жоғары сипатталған 
өңдеуге сәйкес келеді. 
Бір шеті бекітілмеген шлицаны өңдеу
. Ол екі жолмен өңделеді 
(3.13-сурет, 
а
). Әуелі бір шеті бекітілмеген шлицаның бұрышын 
жөрмейді (3.13-сурет, 
б

1
-тігім). Тігімді жең аузының бүгілу 
сызығының бойымен салады. Жөрмеу тігісінің қосымшасын 
орындалған тігімнің ұшында кертеді. Шлица бұрышын беткі 
жағына айналдырып, түзейді және баса үтіктейді (3.13-сурет, 
в
). 
Одан кейін, жеңтүп қиықтарынан бастап, жеңнің шынтақ тігісін 
293


 
 
3.13
-сурет. Жеңнің бір шеті бекітілмеген шлицасын өңдеу 
сырып тігеді. Шлица қиықтарын ойық бойынша және бойлық 
бағытта біріктіреді. Тігімді жең аузының бүгілу қосымшасының 
қиықтарын сырып тіге отырып аяқтайды (3.13-сурет, 
г

2
-тігім). 
Жеңнің астыңғы бөлігінің қосымшасын шлица бұрышында және 
жең аузының бүгілу сызығы бойынша кертеді. Шлицадан жоғары 
және жең аузының бүгілу бөлігінде шынтақ тігісін айыра үтіктейді, 
шлицаны жеңнің үстіңгі бөлігіне қарай жатқыза үтіктейді. Одан әрі 
өңдеу бүкпелі шлицасы сияқты жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет