Көйлек пішімінің бөлшектері
Пішім бөлшектерінің жиынтығына
тұрақты емес және модельге
қарай өзгеріп отыратын көптеген бөлшектер кіреді. Мысалы,
көйлектің алдыңғы жағы тұтас болуы мүмкін немесе екі не үш
бөліктен тұруы мүмкін, жең біртігісті және екітігісті және т.б.
болуы мүмкін.
1.8,
а
суретінде көрсетілген көйлекті дайындау үшін мынадай
бөлшектерді пішеді: алдыңғы бой –
екі бөлшек, артқы бой – бір
бөлшек, белдемшенің алдыңғы ені – бір бөлшек,
белдемшенің екі
бөліктен тұратын артқы ені – екі бөлшек (тұтас болуы мүмкін),
үстіңгі жаға – бір бөлшек, астыңғы жаға – бір бөлшек (екі бөліктен
болуы мүмкін), өңірасты – екі бөлшек, манжета – екі бөлшек,
жапсырмалы қалта – бір бөлшек, белбеу – бір бөлшек.
Модельге қарай алдыңғы бойдың орнына бір тұтас бөлшек –
алдыңғы жақ болуы мүмкін; артқы бойдың
ортасында тігіс болуы
мүмкін; алдыңғы жақ пен артқы бой белдемше енімен тұтас
пішілген болуы мүмкін; жең екі бөліктен тұруы мүмкін, ал
жаға
тұтас (астыңғы жаға мен үстіңгі жаға) бірге болуы мүмкін және т.б.
Киімді
модельдеуде,
конструкциялауда
және
оның
технологиясында қиықтар мен пішім бөлшектері сызықтарының
келесідей бірыңғай атаулары қабылданған.
Достарыңызбен бөлісу: