арқылы орындалады.
Инешаншым
– жіппен біріктіру кезінде ине материалының екі
тесігінің арасында, ал жіпсіз біріктіру кезінде – құралдың
біріктірілетін материалдармен байланысатын жерлерінің арасында
бір немесе бірнеше жіпті қосу арқылы алынған құрылым элементі.
Тігім
– инешаншымдардың тізбекті қатары.
Тігіс
– қалыңдығы бір немесе бірнеше қабат материалдағы
инешаншымдардың тізбекті қатары.
Тігін қосылысы
– материалдың екі не одан көп қабаттарын бір
немесе бірнеше тігіс арқылы біріктіру.
Халықаралық сыныптамаға сәйкес инешаншымдар кластар мен
типтерге бөлінеді. Класс инешаншымды жасау ерекшеліктерімен
анықталады. Тип – бір класс ішіндегі жіптерді қосудың белгілі бір
тәсілімен ерекшеленетін инешаншым түрі.
Инешаншым ұзындығы
а
жіптің ұзындығымен (1.9-сурет,
а
)
және материалдың алдыңғы бетіндегі
б
интервалымен анықталады.
Ол инешаншым түріне және өңделетін материалдың қалыңдығына
байланысты болады.
Инешаншымдар машина және қол инешаншымдары болады.
Инешаншымдарды арнайы машиналарды орындау ең үлкен әсер
береді.
Инешаншым жасауға қатысатын жіп саны әртүрлі болуы
мүмкін, осыған байланысты инешаншымдардың құрылымы да
әртүрлі болады.
Барлық инешаншымдар біртегіс және біркелкі болуы тиіс,
олардың арасындағы арақашықтық беткі жағында да, ішкі жағында
да бірдей болуы тиіс. Жіптер біркелкі тартылуы тиіс.
Инешаншымдардың ұзындығы мен жиілігі әрқилы болуы мүмкін.
Инешаншым жиілігін анықтаған кезде инешаншым санын 1 немесе
5 см тігімге есептейді.
Тігімнің технологиялық параметрлеріне:
■
тігімді жасайтын жіп саны;
■
инешаншым ұзындығы
L
матаның беткі жағындағы
а
жіп
ұзындығымен
б
интервалымен анықталады (1.9-сурет,
а
);
■
ине нөмірі;
■
жіп нөмірі жатады.
Тігімнің
сызығына
бұрыш
астында
орындалатын
инешаншымдар (1.9-сурет,
б),
ені бойынша да өлшенеді (
с
шамасы).
Бөлшектерді біріктіру сапасы мен бұйымның сыртқы түрі
инешаншым мен тігімдерді орындау сапасына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: