Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


ЖҮК АҒЫНЫНЫҢ СИП АТТАМ АСЫ



Pdf көрінісі
бет282/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

 
ЖҮК АҒЫНЫНЫҢ СИП АТТАМ АСЫ 
 
Технологиялық 
процесте 
құрал-жабдықта 
мен 
жұмыс 
орындарын ұтымды орналастыру үшін шақтап көруге дайындалған 
жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдардың қозғалыс бағытын 
анықтайды, 
құрал-жабдықтың 
ұзындығын 
және 
олардың 
арасындағы арақашықтықты белгілейді. Жартылай фабрикаттарды 
жіберу мен өнімдерді шығаруды цехтың әртүрлі жақтарында 
жобалаған дұрыс. Жоспарға сай орналастыру үшін процесте жұмыс 
орындарының көлденең, бойлық немесе диагональ орналасу ретін 
қолданады. Көлденең орналасқан жағдайда жұмыс орындары үстел 
арасына перпендикуляр болаы, диагональ орналсқан жағдайда 
455
6.7.


жартылай фабрикаттың қозғалыс сызығына 45° немесе 60° 
бұрышпен орналасады. Жұмыс орындарын көлденең орналастыру 
ең дұрысы болмақ. Жұмыс үстелдерінің өлшемдері нормативтер 
бойынша алынады (5-тарауды қараңыз). 
Үтіктегіш 
үстелдер 
мен 
тұрып 
орындалатын 
қол 
операцияларына арналған үстелдердің арасындағы арақашықтық 
кем дегенде 0,5 м, машина және отырып орындалатын қол 
операцияларына арналған үстелдерлің арасындағы арақашықтық 
0,75 м болуы тиіс. Жұмыс орындары жартылай фабрикаттыру 
орналастыру және жұмысты орындау үшін ыңғайлы болуы тиіс. 
Жартылай 
фабрикат 
секциялар 
арасында 
қоларбаларда 
(кронштейндерде) бүктеулі не ілулі күйде берілуі тиіс. 
Жұмысшылар жұмысқа шықпай қалған жағдайда бригаданың 
үздіксіз жұмысы үшін қосымша жұмысшылар қажет (мысалы, 
үлкен қуаттылық бригадаларында жұмысшылар санының 5...10%- 
ы). Қосымша жұмыс орындарын қосатын еңбек бөлінісінің схемасы 
бойынша жұмысшыға кей уақытта, мысалы арнайы жабдықта 
жұмыс істеген кезде бірнеше жұмыс орны қажет болатыны ескеріле 
отырып, белгілі бір жұмыс түрлері және белгілі бір құрал-жабдық 
үшін жұмыс орындарының жалпы санын анықтайды. 
Процесте жұмыс орындарын мынадай талаптар сақталатындай 
етіп орналастырады: 

бөлшектерді не жартылай фабрикатты бір орындаушыдан 
екіншісіне беру түзу сызықты немесе ирек болуы тиіс; 

жұмысшы жартылай фабрикатты сол қолымен алуы тиіс; 

бұйымды жіберетін жұмыс орындары пішімді беретін орыннан, 
ал бұйымды шығаратын орындар өнімді тапсыратын орыннан 
алыс емес орналасуы тиіс. 

жылулық іштіктерді дайындау үшін және соңғы ылғалды 
жылумен өңдеу үшін негізгі жұмысшылар құрамы жұмысының 
санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту мақсатында 
оқшау учаскелерді (орынжайларды) бөлу қажет; 

арнайы құрал-жабдықты барынша толық пайдалану үшін арнайы 
машиналарды оларда барлық процестердегі бұйым өңдеуді 
орындауға болатындай етіп орналастыруға кеңес беріледі; 

құрал-жабдқытың 
шетжақтарынан 
қабырғаларға 
дейінгі 
арақашықтық 2...2,5 м, құрал-жабдықтен бүйір қабырғаға дейінгі 
арақашықтық 1...1,2 м, іргелес құрал-жабдықтардың арасындағы 
арақашықтық 1,5 м-ден аз болмауы тиіс. Цехтың орталық 
өткелінің ені кем дегенде 2 м болуы тиіс. Жұмыс орындарын 
бағаналардан кем дегенде 0,4 м арақашықтықта орналастырады. 
Іргелес жұмыс орындары үстелдерінің арасындағы оперция 
456


орындау барвсында жұмысшыға қолайлы болу үшін қажетті 
арақашықтықтар әртүрлі: үтіктеу және отырып орындалатын қол 
үстелдері – 0,5 м; машина және бұйым үстелде орналасқан жағдайда 
тұрып орындалатын қол үстелдері – 0,55 м; бұйым тізеде 
орналасқан жағдайда тұрып орындалатын қол үстелдері – 0,75 м. 
Баспақтардың арасындағы арақашықтық баспақтардың жұмыс 
аймағының орналасуына байланысты. Жұмысшы баспақтардың 
арасында болған жағдайда бұл арақашықтық 0,7...0,8 м болуы тиіс; 
жұмысшы басқа жабдық пен баспақтың арасында болған жағдайда 
0,4...0,5 м; баспақ пен іргелес жұмыс орнының арасында болған 
жағдайда 0,8 м. 
Жұмыс орындары мен құрал-жабдықтарды қосалқы машина 
орындарының 
орналасуын 
ескере 
отырып 
және 
жұмыс 
орындарының адымын сақтай отырып орналастырады. Жұмыс 
орнының адымын, м, пальто дайындау кезінде 1,3, костюм 
дайындау кезінде 1,2, көйлек-блузка сұрыпталымының бұйымдарын 
дайындау кезінде 1,15 м қылып алуға кеңес беріледі. 
Жіберу үстелдерінің пішіндері әртүрлі болуы мүмкін. 
Жобаланатын кәсіпорындағы орынжайларды үлгілік жобаларға 
сәйкес орналастырған дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет