■
материал шығындарын азайту және оларды қосымша өнім
(мысалы, ас үй керек-жарақтары – тұтқыштар, қолғаптар және
т.б.) дайындау үшін пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
■
жаңа құрал-жабдық пен шағын механикаландыру құралдарын
сынап көру;
■
Цехтарға жаңа бұйым, құрал-жабдық, құрылғы түрлерін
меңгеруде техникалық көмек көрсету кіреді.
Дайындау өндірісінің негізгі міндеті
материалдарды пішуге
беру үшін дайындау болып табылады, ол:
■
материалдар қабылдауды (ені мен ұзындығын өлшеу);
■
материалдар сапасын тексеруді (текстильді ақаулықтарды
анықтау);
■
материалдарды барынша аз қалдықпен пайдалану үшін олардың
тілімдерін есептеуді;
■
материал тілімдерін іріктеуді және оларды пішу цехына
жіберуді;
■
лекало жайылмасының суреттемелерін дайындауды;
■
ілеспе құжаттаманы ресімдеуді қамтиды.
Пішу
өндірісінің
негізгі
міндеті
тиісті
сапа
мен
сұрыпталымдағы пішімді тігін цехтарына ырғақты түрде жіберу
болып табылады. Ол үшін пішу өндірісінде мынадай жұмыстар
орындалады:
■
материалдарды не қиылмаған жаймаларды есептеулерге сәйкес
төсемдерге төсеу;
■
ақаулы жаймаларда лекало жайылмасының суретін салу;
■
лекало жайылмасының дайын суреттемелерін (жарық көшірме,
трафареттер және т.б.) ақаусыз материал төсеміне бекіту, төсемді
бөліктерге қию (қажет болған жағдайда) және бұйым
бөлшектерін пішу;
■
сәйкестендірілген бұйым бөлшектерін (көбінесе қолданбалы
материалдардан) өрнектеп кесу тәсілімен пішу;
■
қиылған бөлшектерді бақылау;
■
пішімді тігін цехтарына жіберуге дайындау (нөмірлеу, суретті
реттеу, көмекші сызықтар мен кертпелер салу, пішім
бөлшектерін жинақтау).
7.1-суретте эксперименттік, дайындау және пішу өндірісінің
арасындағы байланыс көрсетілген.
Бұйым дайындау циклінде көп уақыт эксперименттік өндіріс
жұмысына жұмсалады. Жобалау және жаңа модельдерді өндіріске
жіберуге дайындау мерзімдерін азайту өндіріс шығындарын қыс-
Достарыңызбен бөлісу: