7-тарау
7.1.
ЭКСПЕРИМЕНТТІК, ДАЙЫНДАУ
ЖӘНЕ ПІШУ ӨНДІРІСІ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК, ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ПІШУ
ӨНДІРІСІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Эксперименттік өндірістің негізгі міндеті
модельдерді
уақытында әрі жоғары сапада жобалау және оларды:
■
модельдерді конструкторлық және технологиялық пысықтауды;
■
технологиялық процестің оңтайлы режимдерін әзірлеуді;
■
лекалолар мен градацияны дайындауды (техникалық көбейту);
■
бұйым дайындау үшін пайдаланылатын барлық материалдар
шығынын нормалауды;
■
үлгілік лекало жайылмаларын, трафареттер, жарық көшірмелер
дайындауды;
■
модельге арналған техникалық құжаттаманы дайындауды
қамтитын өндіріске жіберуге дайындау болып табылады.
Модельдерді
өндіріске
жіберуге
дайындауға
қатысты
жұмыстардан басқа, эксперименттік цехтың функцияларына:
■
өндіріске енгізілген модельдерді авторлық қадағалауды жүзеге
асыру;
■
сатып алушылық сұранысты, сән бағытын зерттеу және осы
мәліметтерді ескере отырып шығарылатын сұрыпталымның
модельдерін жаңарту;
■
модельдердің конструкцияларын (базалық конструкцияларды
әзірлеу, бөлшектерді сәйкестендіру және стандарттау) және
бұйымдарды дайындау технологияларын жетілдіру (жаңа
материалдар мен жаңа құрал-жабдықтардың қолданылуын
ескере отырып);
Достарыңызбен бөлісу: