Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет293/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

471


 
 
7.5
-сурет. Негізгі материалдан жасалған ерлер костюмі бөлшектерінің екі жинақты жайылмасының үлгілік 
схемасындағы лекалоларды орналастырудың секциялық-жолақтық әдісі
7.6
-сурет. Негізгі материалдан жасалған ерлер костюмінің бөлшектер лекалоларының екі жинақты жайылмасының 
үлгілік схемасы


Материалдың шығыс нормасын екі әдіспен алуға болады – 
эксперименттік жайылмаларды орындау арқылы және жаюға кеткен 
шығыс нормаларын есептеу арқылы. 
Эксперименттік жайылмаларды арнайы үстелдерде орындайды. 
Олардың қақпақшаларында бойлық бағытта маталардың әртүрлі 
ендері үшін түрлі-түсті сызықтар салынған. Үстел ұзындығының 
бойымен екі жағынан бөліктерге бөлінген металл өлшеуіштер 
бекітілген, бұл жаюшыға бойлық жіптердің қалпын және олардың 
лекалолардағы ауытқуларын анықтауға, сондай-ақ жайылманың 
ұзындығы мен енін өлшеуге көмектеседі. Жайылманың периметрі 
жайылма жиегі деп аталатын жиекті жасайды. 
Эксперименттік жайылмаларды материалдың ұсынылатын 
барлық өлшемдері мен бойларына және барлық ендеріне арнап 
жасайды. Әдетте, модель үшін бір түрлі материалдың 2...3 еніне 5-6 
жайылма жасайды. Шығыс нормасын 0,5...1 см дәлдікпен 
белгілейді. 
Әрбір эксперименттік жайылма үшін нақты лекалоаралық 
шығындарды мына формула бойынша анықтайды: 
М
п
.
факт 
= (
S


S
A
)100/
S
p

мұндағы 
S

– лекало жайылмасының ауданы (жайылма жиегінің 
ауданы); 
S

– жайылмадағы бұйым лекалоларының ауданы. 
Материалдың шығыс нормаларын материалдың барлық 
өлшемдері мен бойларына және барлық ендеріне арналған 
эксперименттік жайылмаларды орындау арқылы алу – еңбекті көп 
қажетсінетін және ұзақ процесс, сондықтан әдетте материалдың 
шығыс нормаларын есептеу әдісімен белгілейді. 
Жайылмаға арналған материал шығысының есептік нормаларын 
әрбір модельдің барлық өлшемдері мен бойларына арналған 
лекалолардың ауданы туралы деректерге және лекалоаралық 
шығындар туралы деректерге сүйене отырып алады. Есептеу 
әдісінде әуелі нақты модельге арналған бірнеше бастапқы 
(эксперименттік) жайылмаларды мұқият орындайды, бұл ретте бір 
жайылмада әртүрлі өлшем мен бойдағы бұйым лекалоларын 
пайдаланады (үйлестіреді). Одан кейін материалдың алынған 
шығыс 
нормаларын, 
лекало 
аудандарын, 
лекалоаралық 
шығындарды талдау арқылы материалдың шығыс нормаларының 
өзгеру заңдылығын белгілейді және оның негізінде барлық қалған 
жайылмалар үшін, олардың жиектерінің енін ескере отырып, 
материалдың шығыс нормаларын есептейді, оларда әртүрлі өлшем 
мен бойдағы бұйым лекалоларының үйлесімін пайдаланады. 
Жайылмаға арналған материал шығысының есептік нормасын 
мына формула бойынша анықтайды: 
473


𝟏 
Н
р 

S
A
• 100/(100 - 
М
п.о
)
Ш
р

мұндағы 
S

– берілген өлшем мен бойдағы лекалолардың ауданы 
(0,005 м

дейін дөңгелектенеді); 
М
п.о 
– жайылмада әртүрлі өлшем 
мен бойдағы бұйым лекалоларын үйлестірудің және жайылма жиегі 
енінің лекалоаралық шығындарға әсерін есептейтін лекалоаралық 
шығындардың бастапқы көрсеткіші (0,1-ге дейін дөңгелектенген), 
%; 
Ш
р
– жайылма жиегінің ені, м. 
М
п.о 
шамасы не орташа өлшемді 
М
п.факт 
негізінде, не 
лекалоаралық шығындардың салалық нормативтеріне сәйкес 
алынады. 
Тігін өндірісінде материалды әдетте төсеммен пішеді. 
Төсем 
– 
төсеме үстелде бір-біріне салынған, қиюға арналған бірнеше 
материал жаймасы. Жайма қиылған жер бойынша және жиектердің 
бірі бойынша теңестіріледі. 
Жаймаларды төсеген кезде жаймаларды қысу қосымшалары 
қажеттілігінің салдарынан материал шығындары туындайды. 
Төсем ұзындығы бойынша шығындар маталар үшін 0,4...0,8%- 
ды, трикотаж жайма үшін 1,2%-ды және ватин үшін 2%-ды 
құрайды. Әрбір жайма жапсары үшін 20 мм қосымша береді. 
Төсемге арналған материалдың шығыс нормасын, м, мына 
формула бойынша анықтайды: 
Н
н


𝒏 
Н
р1
Б

( 1 + 
П
д
/100),
мұндағы 
Н
р1
– лекало жайылмасының ұзындығы, м; 
Б
1
– төсемдегі 
материал жаймаларының саны (төсемнің биікітігі); 
П
д 
– берілген топ 
материалы үшін төсем ұзындығы бойынша шығындардың шекті 
нормативі, %. 
Төсемге арналған материалдың шығыс нормасы 
Н
н 
материалды 
дайындау цехынан пішу цехына беру кезіндегі бақылау шамасы 
болып табылады. 
Пішу цехының жұмысын бақылауды әрбір модельдің бір 
бұйымына арналған материалдардың орташа өлшемді шығыс 
нормаларын есептей отырып жүзеге асырады: 
Н
р.срв 
= [
S
л
.
срв
- 100/(100 - 
М
п.срв
)][1 + (
П
д 

П
к
)/100], 
мұндағы 
S
л
.
срв 
– бұйым моделіне арналған лекалоның орташа 
өлшемді ауданы, м
2

М
п.срв 
– бір бұйымға арналған орташа өлшемді 
лекалоаралық шығындар; 
П
д 
– төсем ұзындығы бойынша 
шығындардың шекті нормативі, %; 
П
к 
– жиекке арналған шығын 
нормативтері, %. 
Егер бұйымды пальтолық және костюмдік жүн маталардан 
жасаса,
П
к
шамасын материалдың орташа өлшемді шығыс 
474


нормаларын есептеген кезде есепке алмайды. Қалған маталар үшін: 
П
к 

Ш
кр 
• 100/ 
Ш
тк 

мұндағы 
Ш
кр 
– жиек ені; 
Ш
тк 
– мата ені. 
Лекалоның орташа өлшемді ауданын 
S
л
.
срв 
әрбір өлшем мен 
бойдағы бұйым лекалосының ауданын оның өлшемдер мен бойлар 
шкаласындағы меншікті салмағына көбейту арқылы анықтайды, 
одан кейін алынған көбейтінділерді қосады да, қосындыны 100-ге 
бөледі. 
Орташа өлшемді лекалоаралық шығындарды, %, әрбір жайылма 
бойынша шығындар шамасын, %, тапсырыстың өлшемдер мен 
бойлар шкаласындағы жайылмаға кіретін өлшемдер мен бойлардың 
меншікті салмағына көбейту арқылы анықтайды, одан кейін 
алынған көбейтінділерді қосады да, қосындыны 100-ге бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет