берілген өлшем мен бойдағы лекалолар жиынтығының ауданын
өлшеуге болады. Бұл тәсілде қателік ірі бөлшектердің ауданын
өлшеу кезінде 0,25%-ды және ұсақ бөлшектердің ауданын өлшеу
кезінде 1%-ды құрайды.
Лекалоаралық шығындар (қалдықтар) – жайылмадағы лекалолар
арасындағы, технологиялық шығындардың шамамен 80%-ын
құрайтын саңылаулар. Технологиялық шығындарды азайту үшін
бәрінен бұрын жайылма ауданының пайызы бойынша өлшенетін
лекалоаралық шығындарды азайтуға тырысады. Лекалоаралық
шығындарды азайту – эксперименттік цехтың жаюшылар мен бор
сызушылар тобының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Лекалоаралық шығындарға әсер ететін негізгі факторларға
лекалоның пішіні мен өлшемдері; материалдың ені; материалдың
беткі жағынан көрінісі; лекало жайылмасының түрі жатады.
Бұл факторларды толығырақ қарастырайық.
Пішіні жағынан тікбұрышқа, трапецияға және т.б. ұқсайтын тік
контурлы лекалолар, күрделі контурлы лекалоларға қарағанда,
жайылмада аз саңылаулармен орналасады. Лекалолар жинағында ірі
және ұсақ бөлшектердің болуы саңылауларда ірі бөлшектердің
арасына ұсақ бөлшектерді орналастыруға және сәйкесінше
жайылма ауданын толығырақ пайдалануға мүмкіндік береді.
Бір модельдің лекало жайылмасында ені әртүрлі материалдағы
лекалоаралық
шығындар
әртүрлі
болады.
Лекалоаралық
шығындарды қысқарту үшін тігін бұйымдарының көптеген түрлері
үшін, бұл бұйымдардың негізгі конструктивтік нысандарын ескере
отырып, оңтайлы ендерді қолдану жөніндегі ұсынымдар әзірленген.
Суретсіз не ұсақ суреті бар тегіс материалдардағы лекало
жайылмасы, түкті, ірі суреті бар және т.б. материалдардағы
жайылмаға қарағанда, ауданы аз қалдықтарды алуға мүмкіндік
береді, себебі бұл
жайылмалар суретті реттеуге көмекші
қосымшаларды, сурет, түк, жүн бағытының сақталуын қажет етеді.
Жайылмалар лекало жиынтықтарының санына қарай бір
жинақты не дара және көп жинақты не құрама болады. 7.3-суретте
бір бөлшекті жайылманың мысалы, 7.4-суретте көп бөлшекті
жайылманың мысалы көрсетілген.
Лекалоаралық шығындарды азайту үшін бір жинақты
жайылмаға қарағанда, көп жинақты жайылма тиімдірек, себебі онда
лекалолардың барынша сәтті орналасуын іздеу мүмкіндігі ұлғаяды
(орналастыру нұсқалары көп).
Лекалолардың толық жинағымен бір жинақты және көп
жинақты жайылмаларды материалды беткі жағын төмен қаратып
төсеген кезде қолданады.
Бұйым үшін қажетті бөлшектердің (лекалолардың) жарты саны-
Достарыңызбен бөлісу: