тілімді білік
4
арқылы түсіреді де, түзеткішке қойып,
5
білікке
орайды.
6
және
7
барабандар қозғалысының ілеспе жұмысы материалды
орамға біркелкі етіп орауға мүмкіндік береді.
9
есептегіш
10
барабаннан қозғалысқа келтіріледі.
Түкті жабыны бар матаны өлшегеннен кейін түктің бағытын
ескере отырып, картон түтікке орайды. Жайманың басын мыжылуға
жол берместен, түтікке орайды. Орамға ораған кезде жайманы
тегістейді.
Мақта-маталы барқыт, түкті жібек маталар және түкті трикотаж
жайма орамдарын шеттерден 10 см-де екі жерде ызбамен байлайды.
Ұзындық пен енді өлшеу нәтижелерін екі данада тілім
паспортына жазады
(біріншісіне материал үлгісін тіркейді).
Паспортта материал артикулын, тілім құлақшада көрсетілген
нөмірін және нақты ұзындығын, материал (жиекті) енін өлшеу
жөніндегі барлық нәтижелерді, нақты енін (жиекті және жиексіз),
текстильді ақаулардың атауын, шартты ойықтардың бар-жоғын
және олардың ұзындығын (таралған ақаулар үшін), текстильді
ақаулардың арасындағы және тілім басынан бастап шартты ойыққа
дейінгі арақашықтықты, материалдың түсін, суреттің бар-жоғын
және сипатын, сурет раппортының ұзындығы мен енін, өлшеу күнін
көрсетеді. Паспорттағы деректерді өлшеу тізімдемесіне енгізеді.
Паспорттың сырт жағына ақау шыққан материалдар қоймасында
тілім сақталатын тегеннің, стеллаж ұяшығының және т.б. нөмірін
көрсетеді.
Ақау шыққан материалдарды қоймада сақтау қажеттілігі
кәсіпорында бір төсемде қалдықсыз пайдалануға болатын, ені,
суреті, физикалық-механикалық қасиеттері бірдей материал
тілімдерін таңдау үшін белгілі бір қордың болуы тиістігімен
туындайды.
Ақау шыққан материалдарды сақтау үшін топтамалық және
даралап сақтау тәсілдерін қолданады.
Топтамалық сақтау тәсілінде материал орамдарын топтамаға
түсі, суреті, талшық түрі мен міндеті бойынша біріктіріп, оларды
тегендерде,
қоларбаларда,
стеллаждарда
орынға
апарады.
Топтамалық тәсілді іш киім, ішкөйлек және техникалық маталарды,
сондай-ақ өндірістік және арнайы киімге арналған материалдарды
сақтау үшін қолданады.
Барлық қалған материалдарды сақтау үшін даралап сақтау
тәсілін қолданады, онда әрбір тілім ол үшін бөлінген орында бөлек
сөрелі, ұяшықты және шырша тәрізді стеллаждар мен
элеваторларда сақталады.
Даралап сақтау тәсілі материалдарды
төсемдерге іріктеу
Достарыңызбен бөлісу: