Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет300/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   321
484
7.6.


Серия 
–өлшемдер мен бойлар шкаласына сәйкес сауда 
ұйымдарымен келісілген мерзімдерде орындалған тапсырыстың 
минималды бөлігі (яғни, серияда барлық өлшем мен бойдағы 
бұйымдарды дайындайды). Серияда дайындалатын бұйымдардың 
саны (бұдан әрі оларды серия шамасы деп атаймыз) дайындау және 
пішу цехтарындағы жұмыс көлеміне үлкен әсер етеді. Кәсіпорын 
үшін құрал-жабдықтың қуаттылығын толық пайдалануға мүмкіндік 
беретін 
үлкен 
шамадағы 
сериялардың 
болғаны 
тиімді. 
Тұтынушылар үшін, керісінше, олар сияқты киініп алған адамдарды 
кездестіру ықтималдығын азайтатын шағын серия шамасы тиімді 
болмақ, сондықтан серия шамасын әдетте сауда ұйымдарымен 
келісіп алады. Серияның қалыпты және есептік түрлерін бөледі. 
Қ а л ы п т ы с е р и я деп тапсырыс берілген бұйымдар тиімді 
биіктігі бар төсемдерден пішілетін серияны айтады. Төсемнің 
тиімді биіктігі материалдың қалыңдығы мен төсемді қию үшін 
пайдаланылатын құралдың қиғыш бөлігінің биіктігіне ғана емес, 
сондай-ақ ең алдымен пішілген бөлшектерде болу қажет сапаға 
тәуелді болуы тиіс. 
Қалыпты серия шамасын мына формула бойынша анықтайды: 
С
н 

hx 
• 
100/
у

мұндағы 

– биіктігі тиімді төсемдегі жайма саны; 
х 
– бір өлшем 
мен бойға келетін жайылмадағы лекало жинақтарының саны 
(бұйымның барлық бөлшектерін қойған кезде 
х 
= 1 және бөлшек 
жинағының жартысын қойған кезде 

= 0,5); 100 – өлшемдер мен 
бойлар тапсырысының шкаласындағы барлық өлшемдер мен 
бойлардағы бұйымдардың жалпы саны, %; 
у 
– өлшемдер мен 
бойлар шкаласындағы әрбір өлшем мен бой санының құрамын 
көрсететін сандар қатарының ең үлкен ортақ бөлгіші (бүтін сан), %. 
Егер кәсіпорын шектеулі мерзім ішінде бұйымды қалыпты серия 
шамасына тең мөлшерде дайындайтын жағдайда болмаса немесе 
тапсырыс шамасы қалыпты серия шамасынан аз болса, онда 
тапсырыс е с е п т і к с е р и я м е н орындалады, онда тапсырыс 
берілген бұйымдар биіктігі төмен төсемдерден пішіледі. Есептік 
серия шамасын мына формула бойынша анықтайды: 
С
р 

Mt/K,
мұндағы
М
– ағын қуаттылығы;
t
— серия шамасын орындау 
ұзақтығы; 

– бір ағында бір уақыта дайындалатын модельдер саны. 
Серия шамасын есептегеннен кейін, оны қалай орындауға 
болатынын анықтайды. Ол үшін әрбір төсемдегі жайма санын, әрбір 
жайылмаға арналған төсем санын және пішім будаларының санын 
білу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет