қатарларда сақтайды. Картон қораптарда келіп түсетін түкті
маталарды ақауын тексергенге дейін бумадан алмай сақтау қажет.
Қораптарды бір-біріне қарсы қаратып, 5-6 қатарға қояды, шеттерін
теңестіріп, пішіні аса өзгермейтіндей етіп орналастырады. Түкті
материалдарды бумадан алғаннан кейін қабатты стеллаждарда
орам-ораммен биіктігі бойынша бір қатарға көлденең қалыпта
сақтайды.
Көп қабатты стеллаждары бар қоймаға айырлы қапсырғышты
электрлік штабелер немесе кран-штабелер (ОП-0,25 типті) қызмет
көрсетеді. Цехаралық және цехішілік тасымалдауға арналған көлік
құралдары ретінде көтергіш платформалы қоларбаларды (жүк
көтергіштігі 250 кг ТР-0,25 типі) және көтергіш платформалы
аккумулятор типті электрлік жүкарбаларды (жүк көтергіштігі 1 000
кг ЭКБ-Г-1000 типі) пайдаланған дұрыс.
Көтеру-тасымалдау операцияларын кешенді механикаландыру
үшін көтеру-тасымалдау операцияларын механикаландырудың
әмбебап құралдары болып табылатын және қол еңбегін ішінара не
толықтай алмастыруға, сәйкесінше, еңбек өнімділігін арттыруға
мүмкіндік беретін электртиегіштерді қолдану қажет. Тігін
өнеркәсібінде әдетте шағын габаритті электртиегіштерді қолданады
(жүккөтергіштігі 750 кг 40004-А типі).
Кең жолақты шибарқытты, ұсақ жолды шибарқытты, жартылай
барқытты тасымалдау кезінде жүкарбаларға көлденеңінен биіктік
бойынша 8 қатарға, мақта-маталы барқытты, түкті жібек маталарды,
түкті трикотаж жаймаларды биіктік бойынша 2-3 қатарға қояды.
Ақауы тексерілмеген материалдар қоймасында кәсіпорынның
бірнеше ауысымдық қажеттіліктеріне тең материлдар қоры
сақталуы мүмкін (сақтық қор деп аталады). Оның шамасы
кәсіпорынның қуаттылығына және шикізаттың түсу шарттарына
байланысты болады.
Кәсіпорынға келіп түскен материалдардың барлығы бақылау
тексерістен (ақау тексеру) өтеді. Бұл ретте олардың сапасын
(сұрыптылығын) анықтайды, әрбір материал тілімінің ұзындығы
мен енін өлшейді. Материалдардың ақауын тексеру мен өлшеуді не
бір уақытта бір жұмыс орнында ақау тексергіш-өлшеуіш машинада,
не кезек-кезекпен әуелі ақау тексергіш машинада, одан кейін
өлшеуіш машинада (немесе үш метрлік өлшеуіш үстелде) жүзеге
асырады.
Ақауларды іріктеуді бақылаушылар органолептикалық тәсілмен
орындайды (субъективтік бағалау). Бақылаушы үшін мол
практикалық тәжірибе мен кәсіби білім қажет, сонда субъективтік
бағалау объективтік бағалауға жақындай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: