Бедерлі тігістерге бүгілген, қайым, бүкпе, бастырма тігістер
жатады.
Ұсақ қатпарларды – бүкпелерді – көйлек пен ішкөйлектер үшін
және сирек жағдайда – пальто мен костюмдер үшін сәндік ретінде
қолданады. Қатпарлардың ені мата қалыңдығына қарай 0,1...0,3 см
болады. Арнайы құрылғының көмегімен бүгілген (1.117-сурет)
және бастырма (1.118-сурет) қатпарларды орындайды.
Баулы қайым тігістерді (1.119 және 1.120-суреттер) пальто мен
көйлектерде сәндік ретінде қолданады. Тігістер арнайы машинада
орындалуы мүмкін. Оларды сырып тігу машинасында бір мүйізді
табан немесе бауды бүгіп тігуге арналған табан (табанында ойығы
бар) арқылы орындауға да болады. Бұйым бөлшегінің іш жағынан
астына негізгі мата кесіндісін салады да, белгіленген сызық
бойымен бірінші беткі жағынан бірінші тігімді жасайды. Одан кейін
матаның екі қабатының арасына бауды салып, оның үстіңгі
бөлшегін берік етіп бүктейді және екінші тігімді жасайды. Бау
қатарларының саны модельге байланысты болады.
Тігісті арнайы машинада орындаған кезде бөлшектің ішкі
жағынан мата кесіндісін салмайды.
Бір ілмектегіші мен қайығы бар екі инелі машинаны қолданған
кезде тігіс баусыз-ақ шығыңқы болады. Ол үшін ине тілігінде
шығыңқы жер, ал табанда материалды бүгуге арналған ойық
жасайды (1.121-сурет).
1.16-сурет. Әрлегіш тігістердің түрлері
98 Бү
гіп
ті
гу
Қа
йы
п
тігу
Бз
ба
м
ен
қ
айы
п
ті
гу
Бү
кпе
Ба
сты
рм
а
Қа
йы
м
Жа
пс
ы
рм
а
Жө
рм
еу
Жа
й
әр
ле
гі
ш
Жа
й
бір
ік
ті
рг
іш
Кү
рд
ел
і