Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет66/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

100


 
 
1.123
-сурет. Бедерлі бастырма тігіс:
а – в 
– тігімдерді орындау реттілігі; 
г 
– тігістің беткі жағынан көрінісі;
д 
– тігістің ішкі жағынан көрінісі
ды және тігімді жолақты қосып тігу тігісіне сала отырып не одан 0,1 
см арақашықтықта сырып тігеді (1.125-сурет).
Жиектемелі жапсырма тігісті әдеттегі жабық қиықты жапсырма 
тігіс сияқты, арнайы құрылғының көмегімен орындайды; бұл ретте 
екі негізгі бөлшектің арасына қосарланып бүктелген әрлегіш тігім 
жолағын салады да, оны модельге қарай сол не басқа шамаға 
шығарады (1.126-сурет). Арнайы құрылғы болмаған жағдайда 
қосарланып бүктелген жиектемеге арналған жолақты әуелі астыңғы 
бөлшекке бүкпеден жиектеме еніне қосылған сырып тігу тігісінің 
еніне тең арақашықтықта қосып тігеді, одан кейін екінші бөлшекті
1.124
-сурет. Бір тігімді орындау кезіндегі көмкермелі қайым тігіс:
а 
— көмкермені салу арқылы бөлшектерді біріктіру; 
б 
— дайын күйдегі тігіс
101


бүктелген және көктелген қиықпен жапсырады және модельге қарай 
сол не басқа арақашықтықта сырып тігеді (1.127-сурет). 
Жиектемелі жөрмеу тігісін (1.128-сурет) жиектемелі қайым тігіс 
сияқты орындайды, тек айырмашылығы – қайым тігісте 
бөлшектерді біріктіргеннен кейін қиықтарды қайым тігімге қарама- 
қарсы жаққа орналастыра отырып, айыра үтіктейді, ал жөрмеу 
тігісінде бөлшектерді беткі жағына аударып, жиектемені бүгілген 
жерге орналастырады. Бұл тігісті арнайы құрылғымен не онсыз 
орындайды (1.129-сурет). 
Қатпарлар 
тігістің бір түрі болып табылады. Қатпарларды 
қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар бұйым 
денебітімге жанасып тұру үшін бұйымның негізгі бөлшектерінде, 
сондай-ақ фасонды сызықтар ретінде жобалайды. Қатпарлар жай 
және күрделі, сәндік және біріктіру, бір жақты, қарсы, банттық 
болады. 
Ж а й б і р ж а қ т ы қатпарлар — беткі жағындағы барлық 
бүкпелері бір жаққа, ал ішкі жағындағы бүкпелері екінші жаққа 
бағытталған қатпарлар. Әрбір қатпарды ішкі жақтан үш сызықпен– 
ортаңғы (ішкі бүкпе сызығы), бүйір (сыртқы бүкпе сызығы) және 
сырып тігу соңын анықтайтын сызықпен белгілеп қояды. Қатпар ені 
модельге байланысты болады. Егер бөлшекте қатпар біреу болса, 
онда оның тереңдігі 4-тен 8 см дейін болады. Бөлшектерді пішу 
кезінде қатпардың екі еселенген еніне тең қосымша жасайды. 
Мысалы, қатпардың ені 4 см-ге тең болса, онда қосымша 8 см 
болуы тиіс. 
Бөлшекті белгіленген ортаңғы сызық бойымен беткі жағын ішке 
қаратып бүктейді де, арнайы машинада сирек тігіммен (1 смде 2-3 
инешаншым) немесе ұзындығы 1...2 см түзу көктейтін 
инешаншымдармен бүйір сызық бойымен көктейді, одан соң сырып 
1.125
-сурет. Екі тігіммен орындау кезіндегі көмкермелі қайым тігіс:
а 
— көмкермені бір бөлшекке алдын ала қосып тігу арқылы бөлшектерді біріктіру;
б 
— дайын күйдегі тігіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет