Ерлер, әйелдер мен балалар киімдерін дайындау бойынша
машина жұмыстарын орындау кезінде келесідей техникалық
шарттарды сақтау қажет.
1.
Барлық ішкі тігімдерді сырт материалдың түсіне сәйкес
орындау қажет.
2.
Жіп,
машина
инелерінің
нөмірлері
және
тігім
инешаншымдарының жиілігі мата қалыңдығына және стандарт
бойынша орындалатын операцияның сипаттамасына сәйкес келуі
тиіс.
Жіпті тігістерден басқа ультрадыбыспен және жоғары жиілікті
токпен орындалатын дәнекерлеу тігістері қолданылады. Бұл
тігістердің сапасы техникалық құжаттамада көрсетілетңн нақты
операцияларды орындауға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
3.
Жүн және жібек маталардан бұйым дайындау кезінде барлық
сыртқы ашық тігімдер, сондай-ақ ілгектер мен бекітпелер жібек не
синтетикалық жіптермен орындалады. Лавсанды зығыр матадан
бұйым тіккен кезде № 50 мақта-мата жіптерін қолданады.
Жекелеген тігімдердегі жіп түсі модельде қарастырылады.
4.
Жекелеген тігімдердің үстіңгі жіп ұштарын ішке қарай
шығарады да түйіншектейді не 3...4 қол инешаншымдарымен
түйеді.
5.
Сырып тігу машинасында орындалатын барлық ішкі
тігімдердің ұштарын (бүйір, иық қиықтарын, жең бөлшектерін
сырып тіккен кезде) ұзындығы 0,7...1 см кері қосарлы тігіммен
бекітеді; арнайы машиналарда жұмыс жасаған кезде кері тігімнің
ұзындығы 1,5...2 см болады.
6.
Тігімдерді тұйық сызықтар бойымен салу (мысалы, жеңдерді
қондырып тігу, бұйым етегін бүгіп тігу) кезінде тігіс шеттеріндегі
тігімдер бір-біріне кем дегенде 1,5...2 см кіріп тұруы тиіс.
7.
Тігіс параметрлері мен олардың қолданылуы тігістерге
қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
8.
Бөлшектерді сырып тігу, тігістерді жапсыра тігу, әрлегіш
тігімдерді салу бағыттаушы сызғыштар арқылы орындалады.
Пішінді әрлегіш тігімдерге арналған сызықтарды лекало бойымен
белгілейді.
9.
Бірі түзу қиықтан, ал екіншісі қиғаш қиықтан тұратын екі
бөлшекті біріктірген кезде, қиғаш қиықты бөлшек астынан, түзу
қиықты бөлшек үстінен қойылады.
10.
Әртүрлі қалыңдықтағы маталардан екі бөлшекті біріктірген
кезде астына қалың мата бөлшегін қою қажет.
11.
Бірінің қондырмасы бар екі бөлшекті біріктірген кезде,
қондырылуы тиіс бөлшекті астына қою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: